|
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
|
Ғалымдар талай жылға созылған зерттеу арқылы ұзақ уақыт бойы үйдік кей қабатында өмір сүрудің денсаулыққа кері салдары болатынын аанықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Канадалық ғалымдар арнайы жүргізген зерттеу нәтижесінде жетінші қабаттан жоғары тұратындардың жүрек талмасынан қаза табу қатерінің жоғары келетіні белгілі болды. Ол ол ма, үй қабаты неғұрлым жоғарылаған сайын онкологиялық аурулардың пайда болу қаупі артып, организмде созылмалы қабыну процесі күшейеді. Бұдан бөлек, атмосфералық қысымның төмендеуі мен оттегінің жетіспеушілігінен демікпе дертіне ұшырап, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қатері артады. Сондай-ақ, бірінші және екінші қабаттағылардың да денсаулығында кінәрат пайда болады - шу мен ауаның ластануынан. Бұл жайт өз кезегінде уақыт өте келе өкпе қызметіне салмақ түсіріп, ұйқысыздыққа бастайды, күйзелісті тулдырады және жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Үшінші, төртінші, бесінші қабаттар адамға ең қолайлы, жайлы болып келетіні туралы қорытынды жасалды. Ауа айналымы мен тыныштық денсаулыққа оң әсерін тигізеді.