Қытайдың төл ақшасы «бас сауғалайтын» валютаға айналуы мүмкін бе
Қытайдың төл ақшасы «бас сауғалайтын» валютаға айналуы мүмкін бе
5 ай бұрын 1367 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. China’s yuan has shown resilience in the face of US tariffs. Photo: Shutterstock

Қытай орталық банкінің бұрынғы лауазымды қызметкері юанның резервтік валюта ретіндегі маңызын айта келе капиталды бақылау тиімділігін арттыруға шақырды. Дегенмен, Америка құрама штаттарының юанның резервтік валютаға айналу мүмкіндігін жоққа шығарды. Қытайдың төл ақшасын интернацияландыру бағытындағы талас-тартыс долларға деген сенімнің төмендеп келе жатқаны тұста тағы өршіді - АҚШ қарызының шектен тыс көбеюі мен қазіргі Ақ үй қожайыны (Доналд Трамп) жүргізіп отырған протекционистік қысымы күшейіп тұрғанда Қытай ұлттық валютасының маңыздылығы артып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы tribun.com.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай орталық банк статистикалық департаментінің бұрынғы басшысы Шен Сүншен және CEIBS Lujiazui халықаралық қаржы институтының сарапшысы Сүн Дан төмен инфляция, ағымдағы операциялар шотының профициті және үлкен валюталық резервтер сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер тұрғысынан юанның едәуір артықшылықтарға ие екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Hong Kong International Finance Review-дің соңғы басылымында екі автор да юанның жаһандық күйзелістің соңғы кезеңдерінде, соның ішінде жалғасып жатқан Ресей-Украина соғысы мен АҚШ тарифтерінің көтерілуі кезінде тәуекел индикаторларына сезімталдықтың төмендегенін көрсеткенін мәлімдепті. Әдетте АҚШ доллар, жапон йені, швейцар франкі «бас сауғалайтын» валюта ретінде саналады. Қытай билігінің юанның халықаралық рөлін күшейтуге ұмтылуы бірнеше негізгі факторлармен айшықталады. Ең алдымен, елдің экономикалық салмағы шешуші рөл атқарады - Қытай әлемнің екінші экономикасы және 140-тан астам ел үшін ірі сауда серіктесі. Геосаяси өзгерістер маңызды рөл атқарады: батыстық санкциялар көптеген мемлекеттерді долларға балама іздеуге итермелейді, бұл юанның резервтік валютаға айналуына қолайлы жағдай жасайды. Қытай 31 офшорлық клирингтік банктен тұратын желі құруды, CIPS төлем жүйесін дамытуды, mBridge цифрлық валюталар жобасына қатысуды және 40 елмен екіжақты своп-желілер жасауды қоса алғанда, өз валютасын интернационалдандыру бойынша стратегиялық бастамаларды белсенді іске асырып келеді. Десе де сарапшылар юанның аймақтық деңгейден аса алмайтынын алға тартуда. Соған қарамастан халықаралық төлемдер мен есеп айырысуда юан жақсы нәтижелер көрсетіп отыр: 2023 жылдың соңына таман оның SWIFT арқылы жаһандық төлемдердегі үлесі 4,6% -ға жетіп, тарихта жапон иенасын алғаш рет басып озды. Дегенмен, юан көп конверттеле бермейтін (яғни, доллар секілді айырбасталатын) валюта болғандықтан резервтік валютаға айналуы екіталай.

0 пікір
Мұрағат