Сәлафшы шейх түсінде саңлақ сахабалардың бірін көріпті... Әлеумет неге қақ жарылды? (ВИДЕО)
Сәлафшы шейх түсінде саңлақ сахабалардың бірін көріпті... Әлеумет неге қақ жарылды? (ВИДЕО)
7 жыл бұрын 7151 islamnews.ru Шейх Мұхаммед Хассан

Ғаламтор пайдаланушылары әлеуметтік желіде сәлафшы шейх Мұхаммед Хассанның «ғажайып» түсіне қатысты түрлі пікірлер білдіріп жатыр. Аты аталған сәлафшының сөзіне сенсек, түсіне даңқты қолбасшы, Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның сенімді серіктерінің бірі болған Халид бен Уәлид кірген. Мысырлық шейх баяндағандай, түсінде Халид бен Уәлид мешітте дәріс өткізген. Ол есіктен кіріп келгенде жамағат (арасында өзі де бар) жаппай мойын бұрып қараған екен. Саңлақ сахабаның көру үшін. Алайда, атақты сахаба: «Назарларыңды басқаға аудармаңдар, өйткені, сендер ұлы ғалымның алдынды отырсыңдар» деп тіл қатқан көрінеді. Десе де оның бұл түсіне Твиттер әлеуметтік желі қолданушылары сенген жоқ. Олар шейхтың бұл түсін ойдан шығарғана сенімді. Алайда, сәлафшы шейхтың осындай түс көргеніне шүбәсіз сенгендер бар болып шықты. Олар тақуа адамның түсіне Ардақты Елшінің кіретіні туралы хадисті көлденең тартып, өз дәлелдерін келтірген. 

0 пікір
Мұрағат