|
Саңырауқұлақтың ерекше түрі табылды
|
Оңтүстік Африка республикасының биология факултетінің студенті саңырауқұлақтың жаңа түрін кездейсоқ ашты. Бұл жайында islam.kz порталы aol.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өсімдікке француздың Офелия туралы өлеңіндегі «ақ елес», «қардай әдемі», «ұзын перде» тіркестерін қамтитын Hericium ophelieae деген атау берілді. Ғалымдар бұл теңеулердің саңырауқұлақтың сыртқы ерекшелігін дәл сипаттайтынын алға тартып отыр. Ол ағашта өседі және ағаштың іріп-шіру процесіне атсалысады. Саңырауқұлақтың бұл түрін жергілікті халық дәстүрлі медицинада (халық емінде) қолданады. ДНҚ секвенциясы саңырауқұлақтың жаңа түрге жататынын растады. Оны Кейптаун Стелленбос университетінің микологтары жүргізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды