Химиялық терапия алғаш рет ультрадыбысты қолдану арқылы адам миына жеткізілді (видео)
Химиялық терапия алғаш рет ультрадыбысты қолдану арқылы адам миына жеткізілді (видео)
1 жыл бұрын 1605 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қатерлі ми ісігін емдеуде қан-ми тосқауылын (гематоэнцефалды тосқауыл: мидың қорғаныш қабаты - зиянды заттар мен элементтердің миға енуіне тосқауыл қояды, бұдан бөлек, жасушаларды жуып, ұстап тұратын интерстициалды сұйықтық) еңсеру үшін ультрадыбысты пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Lancet Oncology ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Солтүстік-Батыс университетінің зерттеушілері гематоэнцефалды бөгетті уақытша ашуды ұйғаратын, бас сүйегіне имплантацияланған ультрадыбыстық құрылғының адам бойындағы алғашқы клиникалық сынақтарының нәтижелерін хабарлады. Ол глиобластоманы емдеуге арналған химиотерапияны көктамыр ішіне енгізуге мүмкіндік береді. Гематоэнцефалды бөгет миды организмге енгізілген, қан айналымындағы дәрілердің басым көпшілігінен қорғайтын микроскопиялық құрылым. Ол миды зиянды әсерлерден қорғайды, сонымен бірге, емдеуді қиындатады. Нәтижесінде түрлі қатерлі ісіктерді емдеуде тиімділігі дәлелденген дәрілердің көпшілігін ми ісігін емдеуде қолдануға келмейді. Клиникалық сынақтар кезінде зерттеушілер ультрадыбысты қолдану арқылы миға әсер ететін глиобластоманы жою операциясы кезінде 17 науқасқа арнайы имплант орнатты. Осыдан кейін оларға паклитаксел мен карбоплатинмен химиотерапия курсы тағайындалды, олар әдетте ми ісіктерін емдеу үшін қолданылмайды, өйткені, олар гематоэнцефалды бөгеттен ары өтпейді. Гемо-ми тосқауылын ашудың төрт минуттық процедурасы бүкіл курсы бірнеше аптаға созылатын химиотерапия курсын қамтыды. Зерттеушілер көк тамыр ішіндегі микрокөпіршіктерді бір мезгілде енгізу арқылы қырқыны төмен импульстік ультрадыбысты қолданды. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі емнің қауіпсіз әрі тиімсіз екенін көрсетті. Гематоэнцефалды тосқауылға ультрадыбыспен әсер ету нәтижесінде адам миындағы дәрінің концентрациясы (шоғырлану деңгейі) классикалық терапиямен салыстырғанда 4-6 есеге артады. Сонымен қатар, гема-қорғаныс жүйесінің көп бөлігі емде қолданылған осы әдістен кейінгі алғашқы 30-60 минутта қалпына келеді. Ғалымдар атап өткендей: зерттеу глиобластоманы емдеуге бағытталғанымен, аталмыш тәсіл әмбебап болып табылады және түрлі ми ауруын емдеу үшін жаңа препараттарды қолдануға мүмкіндіктер ашады.

0 пікір
Мұрағат