Секундына 5 гигапиксел: жаңа микроскоп бұрын-соңды болмаған сапада бейне түсіреді (видео)
Секундына 5 гигапиксел: жаңа микроскоп бұрын-соңды болмаған сапада бейне түсіреді (видео)
1 жыл бұрын 964 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дьюк университетінің ғалымдары мыңдаған мегапикселді сурет пен бейнені үш өлшемде түсіру үшін ондаған линзалармен жабдықталған камера жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Photonics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көп камералы микроскоп (Multi Camera Array Microscope, MCAM) деп аталатын  бұл құрылғы нысанды сәл қиыс бұрыштардан түсіретін 54 түрлі линзадан тұрады. Содан кейін алынған кескіндер бір алып бейне жасау үшін біріктіріледі. Оның ажыратымдылығы (яғни, нысанды барынша анық та қанық етіп, ажыратып көрсету мүмкіндігі) гигапикселді ауқымда, яғни, смартфонның орташа камерасынан шамамен 50-100 есе, ал қымбат моделдерден 10 есе көп ауқымда көрсете алады. Өзгеше құрылғы қимылсыз суреттерді ғана түсіріп қоймайды, ол, сонымен қатар, секундына 230 кадрмен 135 см² көлемінде 3D бейне түсіреді. Әрине, бұл деректерді өңдеуді қиындатады - кескіндердің жалпы саны секундына 5 гигапикселден асады, яғни, камера бірнеше минут ішінде терабайт деректерді шығарады. Ғалымдар бұл тарапта сандарды тиімді өңдеу үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолданбақ.

 

0 пікір
Мұрағат