Шағын, электронды кітап әлемжеліге тәуелділіктен құтқарады
Шағын, электронды кітап әлемжеліге тәуелділіктен құтқарады
14 сағат бұрын 96 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Boox компаниясы экран диагоналы үлкен электронды кітаптарды жасау трендін өзгертуге шешім қабылдады - көптеген жаңа моделдер іс жүзінде функционалдығы қысқартылған планшеттерге айналды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта Picco моделіне алдын ала тапсырыс берді. Оның экран диагоналы бар болғаны алақандай болады, ал салмағы бар болғаны - 58 грамм. Бұл ретте кітапшаның өзін смартфонның артқы жағына аксессуар ретінде бекітуге болады. Ол сол үшін арналған - адамдар зеріккен сәтте әлеуметтік желілерді парақтаумен уақытын босқа өткізгенше, оқумен айналысуы керек. Магнит құралы, сондай-ақ, Picco кітапшасын тоңазытқышқа немесе басқа құрылғыға бекітуге мүмкіндік береді. Бұл өте қарапайым құрылғы болғанымен мұнда құжаттар мен кітаптардың барлық форматтарын сақтауға, көшіруге, т.б. болады. Сондай-ақ қаріптерді, өрістерді және жолдар аралығын өз қалауыңызша өзгерте аласыз, ал парақтарды экранның өзінде де, жеке батырмалармен де аударуға болады. Picco 16 ГБ жад картасымен келеді және 2 ТБ-ға дейін жабдықталған. Ақпаратты кабел арқылы да, сымсыз тәсілмен де - қосымшалар мен веб-интерфейс арқылы да беруге болады. Бұл жерде әдейі жеңілдетілген интерфейс пайдаланылады, бұдан бөлек, кері есептеу таймері және тапсырмалар менеджері сияқты пайдалы функциялары бар. Picco құны - 99,99 доллар. Бірегей гаджет көп ұзамай, яғни, қараша айындада саудаға шығарылады.

Boox Picco

Boox Picco

0 пікір
Мұрағат