|
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
|
Жасанды зерде тарапынан адамзатқа төнетін қауіп басқа жақтан келеді, деп есептейді кей сарапшылар. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейбіреулер айтып жүргендей, жасанды зерде мүмкіндіктерін пайдаланып, жаппай қырып-жоятын қару жасау немесе биологиялық қару (мәселен, қатерлі вирус ойлап табу) арқылы адамзатты жою сценариін де ешкім жоққа шығара алмайды. Болмаса, жасанды зердеге климат дағдарысын еңсеруге тапсырма берілсе, технология жаһандық жылынуға себеп болып отырған адамзаттың өзі екенін анықтап, ғаламдық апаттың алдын алу үшін адамзатты радикалды жолмен жою сценариін де ешкім теріске шығара алмайды. Десе де жасанды санадан адамзатқа төнетін негізгі қауіп – адамзатты біртіндеп «әлсірету» стратегиясында жатыр (human enfeeblement). Сарапшылар «адамзаттың біртіндеп әлсіреуі» дегенде адамның сыни ойлау, жоспарлау және шешімдерді өз бетінше қабылдау дағдыларының жоғалуы туралы ескертеді. Өйткені, адамзат технологияға иек артып алатыны сондай, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінін айырылуы мүмкін. Шеффилд университетінің робототехника және AI аға оқытушысы Халлам Самуэл Бинанзидің пікірінше, дәл осындай сценридің ықтималдылығы басым: АІ мүмкіндіктеріне тәуелділік өз кезегінде адамзаттың біртіндеп жойылуына ықпал ететін факторға айналуы мүмкін.