Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды
Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды
20 сағат бұрын 196 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Питер Нобл және Алекс Пожитков есімді америкалық ғалымдар осы уақытқа дейін қалыптасқан өлім мен өмір туралы ойымызға басқаша көзбен қарауға итермелейтін жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар өз зерттеуінде өлім мен өмір арасындағы «үшінші хал»» деп аталатын физиологиялық құбылыстың барын алға тартатын тұжырымдаманы ұсынды. Әдетте өлім ғылыми түсінікте организмнің барлық биологиялық қызметінің қайта іске қосылмайтындай тоқтайтынын ұйғаратын ұғымды білдіреді. Десе де америкалық сарапшылардың зерттеу нәтижесі бұл ұғымның біржақты екенін көрсеткен. Ғалымдар көз жеткізгендей, кейбір жасушалар адам өлгеннен кейін де белсенділігін жоғалтпаған және белгілі бір жағдайларда көп жасушалы организмге түрлене алатын болып шықты. «Биобот» деп аталатын мұндай организм өз бетінше жылжи алатын қабілетке де ие болып шықты. Бұл құбылыстың жарқын мысалы ретінде өлген бақа жасушаларының түрленіп, қарапайым әрі тірі құрылымды қалыптастырған – бастапқы организмнен тыс өмірін бастаған. Бұл жаңалық тек нақты ғылыми жетістік қана емес, сонымен қатар, өмірді кеңінен түсінуге жол ашатын, таным көкжиегін кеңейтетін философиялық мәнге ие.

0 пікір
Мұрағат