Ғаламдық аштықпен күресу әдісі айтылды
Ғаламдық аштықпен күресу әдісі айтылды
20 сағат бұрын 184 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: vidoc_olga_gorkun / Shutterstock / Fotodom

Орман-тоғайды қалпына келтіру аштық қаупінен құтылудан бастап, жаһандық жылыну салдарымен күресуге дейінгі адамзат бетпе-бет келіп отырған ғаламдық дағдарыстарды еңсеруге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы таяуда өткен Орман-тоғайдың бүкіл әлемдік апталығына орай жариялаған баяндамасында («Әлемдегі орман-тоғайдың жай-күйі – 2026»)  келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орман-тоғай барлық аймақ бойынша 4,14 миллиард гектарды алып жатыр - құрлықтың 32 пайызына жуығы, 714 гигатонна көміртекті сақтайды және жер бетіндегі биологиялық әралуандылықтың 80 пайызына пана болып отыр. Алайда 1990 жылдан бері планета 489 миллион гектар орманынан айырылды. Бұл ретте орманды отау немесе өрт салдарынан жойылу қарқыны төмендеп келеді: 1990-2000 жылдардағы жылына 17,6 миллион гектардан 2015-2025 жылдары 10,9 миллионға дейін. Жыл сайын өрт 127 миллион гектар орманды жалмап, зиянкес жәндіктерден, түрлі аурудан және төтенше ауа райынан тағы 50 миллион орман аумағы зардап шегеді. Күллі әлем бойынша орман шығыны жылына 6,3 триллион долларға дейін бағаланады. Бір миллиард гектардан астам тозған жерді қалпына келтіру жыл сайын 1,8 триллион долларға дейін пайда әкелуі мүмкін. Жердің тозуы мен құрғақшылыққа қарсы күреске 15 жыл ішінде 2,6 триллион доллар инвестиция салу бұл шығыннан, яғни, осынша инвестиция мқлшерімен салыстырғанда сегіз есе көп әлеуметтік пайда әкеледі, ал қолайлы жағдайда салынған әрбір доллар 30 долларға дейін пайда әкелуі мүмкін. Әлемдік орман-тоғайдың 69 пайызы орналасқан 91 ел мен өңір үкіметтері 190 миллион гектардан астам жерді қалпына келтіруге уағдаласты. Баяндаманың кейстері - Сахара мен Сахельдегі «Ұлы жасыл қабырға», Қытайдың «Үш Солтүстік» бағдарламасы және Аргентина, Бразилия мен Парагвайдың Атлант орманы бойынша үшжақты пактісі. Алайда қалпына келтіру мәлімделгендердің 23 пайызын ғана қамтиды.

0 пікір
Мұрағат