Елде жүргізуші куәлігін алу қағидалары өзгереді
Елде жүргізуші куәлігін алу қағидалары өзгереді
20 сағат бұрын 137 24.kz

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді. Ішкі істер министрлігі тиісті қағидаларға түзетулер әзірледі, деп хабарлайды «24KZ».

Енді теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет сүрінген азаматтар келесі мүмкіндік үшін ақы төлейді. Алғашқы сәтсіздіктен кейін емтиханды жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші талпыныстан да өте алмаса, дайындалуға 10 күн беріледі. Сонымен қатар теориялық емтиханды жақсы нәтижемен тапсырған азамат практикалық сынақтан құласа, алғашқысының қорытындысы сақталады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетуге және уақыт үнемдеуге бағытталған.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары: – Теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмасаңыз, теориядан алған нәтижеңіз сақталады. Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстанның жүргізуші куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтихан тапсыру қажет. Бұдан бөлек, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Емтиханды бірінші рет тапсыра алмағандар келесі жұмыс күні қайта тапсыра алады. Ал екінші әрекет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

ІІМ көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына түзетулер әзірлеген. Өзгерістер мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

Емтиханды бірінші рет тапсыра алмасаңыз, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмасаңыз, сол емтиханды кейін қайта тапсыру ақылы болады. Бұл шара емтиханға қосымша дайындалу үшін енгізіліп отыр, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар, теориялық емтиханды тапсырып, практикалық сынақтан өте алмаған үміткердің теориядан алған нәтижесі сақталады. Көлік құралын қайта жабдықтағаннан кейін оны бөлек тексерту талабы да алынып тасталады. Оның орнына енгізілген өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын құжатты ұсыну жеткілікті болады.

Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстанның жүргізуші куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтихан тапсыру қажет. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган куәлікті берген елге ресми сұрау жібереді. Сол елдің құзыретті органы құжаттың түпнұсқалығын растағаннан кейін ғана куәлік ауыстырылады. Бұл талап жалған құжаттарды пайдаланудың алдын алуға бағытталған.

ІІМ мәліметінше, енгізілетін өзгерістер мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдетуге және құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге бағытталған.

0 пікір
Мұрағат