|
Шаш бояудың қандай қатерге соқтыратыны анықталды
|
Шашты ұдайы немесе жиі бояу қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы «Доктор Питер» басылымына сұхбат берген ресейлік онколог дәрігер Хамис Магомедоваға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол 2019 жылдың соңында жарық көрген International Journal of Cancer мерзімді басылымындағы ғылыми деректерге сілтеме жасай отырып, шашты жылына бір рет бояудың өзі қатерлі ісік ауруының ықтималдығын тоғыз пайызға арттыратынын алға тартты. Бұдан бөлек, шаш күтіміне арналған көптеген өнімдер құрамында гормоналды деңгейге және ағзадағы өмірлік процестерге теріс әсер ететін улы компоненттер барын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр