Жасанды ет өндірісіндегі елеулі жетістік
Жасанды ет өндірісіндегі елеулі жетістік
3 ай бұрын 655 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: PanuShot / Shutterstock / Fotodom

Америка құрама штаттарындағы Тафтс университетінің ғалымдары өз бетінше өсуге қабілетті бұлшықет жасушаларын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Reports Sustainability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалыққ өз кезегінде қолдан, яғни, зертханада өсірілетін ет өндіру шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бермек. Өсу факторлары жасушалардың бетіндегі рецепторлармен байланысады және тіндер кейін де өсуі үшін, сондай-ақ, жетілген жасушалардың әр түріне дифференциациялануы (саралануы) үшін ядроға сигналдар жібереді. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар қаңқа бұлшықет жасушаларының өсуін тудыратын фибробласт өсу факторын (FGF) қалыптастыра алатындай етіп діңгекті жасушаларды өзгерткен. Мұндай жасушалар FGF2-сіз ортада бірнеше трансплантацияда көбейе алды, осылайша бұл қымбат компонентке (FGF2) қажеттілікті болмайды. Жасушалар да миогенділігін, яғни, бұлшықет тінін түзетін қабілетін сақтап қалды. Осы уақытқа дейін бұлшықет жасушаларын өсіру үшін қоректік заттар қажет болатын. Бұл процесс тұтынушыларға жасанды ет өнімдеріне қол жеткізу мүмкіндігін шектеп келген еді.

0 пікір
Мұрағат