Сусамырмен ауыратындарға ораза ұстаудың нұсқаулығы шықты
Сусамырмен ауыратындарға ораза ұстаудың нұсқаулығы шықты
8 жыл бұрын 3724

Халықаралық сусамыр федерациясы (IDF) аталмыш дертпен сырқаттанатын жандар үшін қасиетті Рамазан айында оразаны денсаулыққа зиян келтірмей ұстаудың қыр-сыры баяндалған шағын кітапша-нұсқаулықты жарыққа шығарды. Бұл жайында «The National» ақпарат көзі хабар таратты. Сөз реті келгенде айта кетейік, әлемдегі мұсылмандардың шамамен 148 млн-ы сусамырмен ауырады. Тұтастай алғанда бұл дертпен ауыратындар қарасы жылдан жылға артып келеді. Аталмыш федерация президенті Дубай қаласында сусамырмен ауыратындарға арналған нұсқаулыққа қатысты өткен жиында Шаукат Садикот (Shaukat Sadikot) осындай мәлімдеме жасады. Бұл маңызды шараны жақындап келе жатқан қасиетті айдың қарсаңында Біріккен Араб Әмірліктерінің «Диабет қоғамдастығы» деп аталатын ұйымы, «Сусамыр және Рамазан» халықаралық альянсы және "Sanofi» фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырды. «Аталмыш нұсқаулықтың мазмұнын әлемнің кез келген түкпіріндегі мұсылмандардың қажеттіліктеріне сай түзуге болады»,- деді Шаукат Садикот. Сондай-ақ, аталмыш федерация өкілдері дін жетекшілерін сусамырға қатысты ағартушылық семинарларға белсенді қатысуға шақырды. 2001-ші жылғы статистикалық мәліметке қарағанда, 1-ші типті сусамырмен сырқаттанатындардың 42,8%-ы және 2-ші типті сусамырмен сырқаттанатындардың 78,7%-ы Рамазан айы бойы оразасын үзбеген. Ең аз дегенде 15 күнге жеткізген.

0 пікір
Мұрағат