Синагогқа орын табылғанымен мешітке жоқ
Синагогқа орын табылғанымен мешітке жоқ
8 жыл бұрын 2552

2017 жылы Ресей Федерациясы аумағындағы иудейлерді бірнеше жағымды жаңалық күтіп тұр. Тарқатып айтар болсақ, РФ-ның Волгоград облысына қарасты Волж қаласында және Калининградта еврейлердің орталығы мен синагогасы ашылатын болады. Бұл жайында Ресейдегі еврейлер жамағатының федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Аталған қалалардың әкімдері синагог құрылысы үшін еврейлерге жер телімін жекеменшікке берді. Мұны несіне айтып отыр дейсіздер ғой? Аталған аймақтарда сол жердегі мұсылмандар 20 жылға жуық уақыт бойы талпыныс жасап келе жатса да бірде-бір мешіт жоқ. Ол ол ма, Калининград билігі жергілікті мұсылман жамағатынан толық салынып бітпеген мешітті сүріп тастауды талап еткен еді. Жердің мұсылмандар игіліне берілуін заңсыздығын желеу етіп. Сорақысы сол, 2015 жылы Калининград мұсылмандарының намаз оқып жүрген бөлмесін де жаптырып тастаған болатын. Синагогқа жер табылғанымен, мешітке келгенде келгенде тарылып қалған аталған аймақ билігінің бұл алалаушылығын қалай түсінуге болады? Мешітті терроризмнің ошағы деп жариялап, жала жапқандарын қайтерсің.

0 пікір
Мұрағат