|
Үйді қарауылдайтын дрон камера жасалды (видео)
|
Amazon Ring бөлімшесі ұшқышсыз ұшу режиміндегі, тұрмысқа арналған Always Home Cam қауіпсіздік камерасын жұртшылықтың назарына ұсынды. Аталмыш құрылғы негізгі режимінде бақылау, қадағалау функциясын орындайды. Мәселен, асүйдегі плита өшірілді ме, т.б. қашықтан қадағалайды. Дрон режимінде, сондай-ақ, сигнал беру тетігі де қарастырылған. Смартфон иесіне хабарлама жіберетін. Интернетке қосылғаннан кейін бөлмелерден видео трансляция жасайды. Always Home Cam құрылғысы адамдар мен үй жануарларына қауіп төндірмейді – пропеллері тормен қорғалған, даусын әдейі қатты шығарып қойған – айналасындағыларға қақтығысып қалмау үшін ескерту үшін. Бұл камера келесі жылдан бастап саудаға шығарылады. Бағасы 249 доллар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды