Үрейлі түстер организмнің қартаю процесін тездетеді әрі адамның ғұмырын қысқартады – зерттеу
|

Үрейлі түстер адамның биологиялық жасын қысқартады, яғни, ерте өлу ықтималдылығын арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы еуропалық невроология академиясының таяуда Хелсинкі қаласында (Финляндия) өткен конгресінде жарияланған ғылыми-зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіпті, үрейлі түстердің салдары шылым шегуден және артық салмақтан келетін зияннан да асып түседі. Ұйқы – сана қызметіндегі үзіліс қана емес, сонымен қатар, организм қалпына келетін фаза. Ми ақпараттарды қорытады (өңдейді), жасушалар жаңаланады, гормондар реттеледі. Алайда, үрейлі түстер шырт ұйқыдан оянуға мәжбүр етеді, нәтижесінде адам қаттты стресс алады. Бұл жайт өз кезегінде организмнің қартаю процесін тездетеді. Салдарынан жүрек-қан тамыр ауруларының, сусамырдың пайда болу қатерін арттырады әрі иммунитетті әлсіретеді. Әдетте үрейлі түстерді психикалық ауытқумен, жарақаттан кейінгі синдроммен, Паркинсон дертімен байланыстырып келген еді. Лондон имперлік колледжінің Абидеми Отайка есімді ғалымының жетекшілігімен британ нейробиологтары жүргізген соңғы зерттеу мен бұл тараптағы ауқымды талдау жұмыстары қайталап соғатын түстердің әлдеқайда қауіпті екенін дәлелдеп берді. Британ ғалымдары 26-86 жас аралығындағы 183 мыңнан аса адамның және 10 жасқа дейінгі 2,4 мың баланың деректерін сараптамадан өткізген екен. Олар зерттеуге тікелей тартылған (балалар үшін ата-аналары жауап берді). Олар көрген түстерді тіркеп, 1,5-19 жыл бойы олардың жай-күйін бақылаған. Статистика көрсеткендей, аптасына кем дегенде бір мәрте үрейлі түс көрген адамның қорқынышты түстерді сирек көретін немесе мүлдем көрмейтіндерге қарағанда 70 жасқа жетпей өлу қатері үш есе жоғарылаған. Ғлымдар түстің организмнің қартаю процесіне қалай әсер ететінін тексеру үшін теломерлердің ұзындығын – жасуша бөлінген сайын қысқаратын хромосома ұштарындағы ДНҚ бөліктерін өлшеп көрді. Олар неғұрлым қысқа болса, тіндер мен ағзалар соғұрлым тез қартаяды. Теломерлердің қысқаруы - жасушаның қартаюының негізгі тетіктерінің бірі. Теломерлер тым қысқа болған кезде жасушалар сенесценция (ескі немесе зақымданған жасушалардың өсуін тоқтату) немесе өлім-жітім жағдайына түседі де уақыт өте келе тіндер мен ағзалардың функцияларына кері әсер етеді. Үрейлі түстер мен организмнің қартаю процесі арасындағы байланыс барлық жас тобындағылардың (этникалық тегіне қарамастан ерлер мен әйелдер, қарттар мен балалар) барлығынан байқалған. Дегенмен, үрейлі түс көрген баланың теломері ересектерге қарағанда айтарлықтай көп қысқарған. Тәжірибеге қатысушылардың биологиялық жасы организмнің тозу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін эпигенетикалық сағаттар - молекулалық маркерлер бойынша қосымша бағаланды. Бұл жерде де дәл сондай заңдылық байқалды: үрейлі түс – қартаю процесінің тез жүруі арасындағы байланыс болатыны анықталды. Неге бұлай? Ғалымдар екі себеп келтірді. Біріншісі - күйзеліс. Қорқыныш кортизол гормоны деңгейінің күрт көтерілуіне әкеледі. Ол иммундық жүйеге, қан қысымына, зат алмас пройесіне (метаболизм) теріс әсер етеді. Ал бұл жайт өз кезегінде жасушалардың жылдам тозуына ықпал етеді. Екінші себеп – сапасыз ұйқы. Организм түнде ғана қалпына келеді. Адам үрейлі түстен оянғанда организм қызметі кенеттен тосқауылға ұшырайды. Салдарынан инфаркт, өзге де патология қатерін арттырады. Үрлейлі түстердің жиі қайталануына жол бермес үшін оның себебіне үңілуді ұсынып отыр. Организмде қандай да бір дерт болса, бұл да адамның үрейлі түстерді көруіне әсер етпек. Күндізгі мазасыздық пен уайым, т.б. факторлар үрейлі түстерге себеп.




