Зерттеу: Шылмқорлық 56 ауру түріне шалдықтыру қаупін арттырады
Зерттеу: Шылмқорлық 56 ауру түріне шалдықтыру қаупін арттырады
11 ай бұрын 823 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шылым шегетіндердің бойында 56 ауру түрі, соның ішінде қуық пен өкпе обыры, қант диабеті, асқазан жарасы, астма, катаракта, бауыр аурулары және т.б. пайда болу және даму қаупі жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы The Science Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі әрі аса беделді Оксфорд университетінің ғалымдарының тұжырымы – осындвй. Олар 512 мың адамды 11 жыл бойы бақылап, қадағалай келе осындай қорытындыға келген екен. Бұл бағыттағы зерттеуге тартылған шылымқорлардың 74,3%-н ерлер, 3,2%-н әйелдер құраған. Орташа есеппен алғанда, темекі тартатындардың ауруға шалдығу қаупі шылым шекпейтіндерге қарағанда 10%-ға жоғары болып шыққан. Соның ішінде көмейдің қатерлі ісігінде бұл қатер көрсеткіші - 216% жоғары. Сонымен қатар, шылым шегуді денсаулығына байланысты проблемалар басталмай тұрып тастағандардың денсаулығы бұл жат әдеттен арылғанына он жыл өткенде ғана  ешқашан темекі тартпағандардың денсаулығына қатысты көрсеткіштермен теңескен.

Ұқсас материалдар:

«Кеңінен тараған жат әдеттің ұрпаққа берілетін зардабы белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/keninen-taragan-jat-adettin-urpaqqa-beriletin-zardaby-belgili-boldy-17396/#gsc.tab=0);

«Шылым шегу дәуірі аяқталып келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shylym-shegu-dauiri-ayaqtalyp-keledi-14185/#gsc.tab=0);

«2025 жылға дейін елде шылым шегетін адам қалдырмауға бекінді» (https://islam.kz/kk/news/alem/2025-jylga-deiin-elde-shylym-shegetin-adam-qaldyrmauga-bekindi-7889/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат