|
Адам кездейсоқ түс көрмейді – түс көрудің заңдылығы ашылды
|
Ғалымдар кей түстердің өңіндегідей анық та қанық, мейлінше шынайы көрінетінін, ал кейбіреулерінің көмескі тартып, көңілде қалмайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сауалдың жауабы тұлғаның мінез-құлқы мен өмірлік тәжірибесінің қаншалықты ұштасқанында жатыр - түстің мазмұны мен эмоциясын қалыптастыратын басты фактор ретінде алға шығады. 18-70 жас аралығындағы 287 адамды қамтыған ауқымды зерттеуде ғалымдар ұйқы мен ұйқыдағы оқиғалар туралы 3700-ден астам есепті талдады. Екі апта бойы тәжірибеге қатысушылар күн сайын өз түстерін жазып отырды, ал зерттеушілер олардың ұйқы режимін, когнитивтік қабілеттерін және психологиялық жай-күйін қатар зерттеді. Деректердің үлкен ауқымын өңдеу үшін табиғи тілді өңдеудің озық құралдары (NLP) қолданылды. Талдау нәтижесі түстің бейнелердің бей-берекет жиынтығы емес, құрылымданған процесс екенін көрсетті. Ми күндегі оқиғаларды тек қайталап қана қоймай, оларды қайта құрастырып, біріктіріп, жаңа, кейде сюрреалистік сценарилерге бергісіз өз нұсқасын қалыптастыратын болып шықты. Бұл тараптағы зерттеу жеке тұлғаның ерекшеліктері мен түсінің сипаты арасындағы тікелей байланысты анықтады. Жиі ойлаанатын адамдар фрагменттік, яғни, үзік-үзік және өзгермелі (құбылмалы) түстерді жиі көреді. Ал түсіне үлкен мән беретіндер, әдетте, түсінде әлдеқайда жарқын және қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Түс тек бастан өткерген тәжірбенің көрінісі ғана емес, сонымен қатар, бірыңғайда адамның кім екенін танытатын динамикалық процесс болып шықты. Осы орайда жасанды зерде технологиясының көмегімен түстерді зерттеу ісінің жаңа белеске көтерілетінін айты кетпекпіз. Бұл бағыттағы зерттеу өз кезегінде сана мен жады қызметін тереңірек зерделеуге мүмкіндік бермек.