Иран халқы Ислам революциясынан бері 54 млн адамға көбейген
Иран халқы Ислам революциясынан бері 54 млн адамға көбейген
1 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

1979 жылы Азияның саяси өмірінде аса ірі оқиға орын алды – Иранда ислам революциясы болып өтті. Содан бері парсы елі демографиялық үлкенн өзгерісті бастан өткерді: 1979 жылы шамамен 38,4 млн адамнан осы уақытқа дейін, яғни, 2026 жылға дейін ирандықтар қарасы 93,2 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 46 жылда Иран халқының саны 54 млн адаммен толыққан. Дәлірегі, екі жарым есе көбейген. 1980-ші жылдары Иракпен арадағы соқысқа қарамастан. Керісінше дәлі осы жылдары Иранда демографиялық сең жүріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бір әйелдің туу коэффициенті 6,6-6,8 балаға тең болған. Иран халқы санының өсу қарқыны шамамен 5%-ды құраған. Тек 1980-1990 жылдар аралығында, яғни, айналдырған он жыл ішінде ирандықтар қарасы 18 млн адамға артып, жалпы ел тұрғындарының саны 58,4 млн адамға жеткен. Бұған ең алдымен Иран билігінің денсаулық саласындағы оң қадамдары ықпал еткен, дәлірегі, ана мен бала өлім-жітімін көп азайтқан. Халық саны жедел өсіп бара жатқан соң әрі ел экономикасының осынша адамды асырауға шамасы жетпейтін болған соң Иран билігі демографиялық ахуалды қолдан реттеуге кірісті. Отбасын жоспарлау саясатына көшті. Жүктілікті тоқтататын бағдарламалар іске қосылды. 1995 жылы туу коэффициенті екі еседен астамға - бір әйелге шаққанда шамамен 2,8 балаға дейін төмендеді, ал 2000 жылы қарапайым өсім деңгейінен төмен түсіп, шамамен 2,0-ді құрады. Егер 1980 жылдары халықтың жылдық өсімі 3-4% артса, 2000 жылдардың басында ол бірнеше есе азайды. Кейінгі жылдары бұрын қабылданған шаралар отбасылық саясатқа діни тұрғыдан баға беріле бастады. Баланың өмірге келуі игілік ретінде қарастырылады. 2010-шы жылдардан бастап Иранның рухани көшбасшысы аятолла Хаменеи 1990-шы жылдардағы бала тууды бақылау саясатына бірнеше рет қарсылық білдіріп, оны қате деп атады. Қазіргі уақытта Иран демографиялық стратегияны қайта қарауға бет алды. Бала тууды шектеу саясаты біртіндеп бала тууды қолдауға бағытталған шараларға ауыстырылып жатыр. Елде бала тууды бақылауды насихаттауды шектейтін заңдар қабылданды және көп балалы отбасыларға көмек көрсету бағдарламалары енгізілуде. Осылайша, Иран отбасын нығайтуға ислам құндылықтарына сәйкес келетін саясатты жүзеге аыруға көшті.

0 пікір
Мұрағат