Адам миының жасушасында жұмыс істейтін биологиялық компьютер жұртшылық назарына ұсынылды
Адам миының жасушасында жұмыс істейтін биологиялық компьютер жұртшылық назарына ұсынылды
4 ай бұрын 963 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. CL1 биокомпьютері. Бейне: Cortical Labs

Cortical Labs компаниясы CL1 - адамның ми жасушаларында жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы биокомпьютерді коммерциялық тұрғыдан пайдалану үшін іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологиялық желіні жергілікті түрде сатып алуға және орнатуға немесе бұлтты нұсқаға қашықтан қол жеткізу үшін уақытын брондауға болады. Басынан бастасақ, австралиялық Cortical Labs компаниясы адам нейрондарын кремний чиптерімен біріктіретін алғашқы коммерциялық «синтетикалық биологиялық интеллект» жүйесін ұсынды. CL1 жүйесі - әзірлеушілердің айтуынша, серпінділігі, орнықтылығы және энергия тиімділігі бойынша жасанды зердеден асып түсетін мүлдем жаңа есептеу жүйесінің түрі. CL1 компьютерінің ішінде зертханада өсірілген нейрондар нейрондық желінің негізін қалыптастыратын 59 электроды бар жазық электродты торға орналастырылады. Осы биологиялық «миды» тіршілікті қамтамасыз ету блогына орналастырады, содан кейін ол нақты уақытта жұмыс істеу үшін бағдарламалық жүйеге қосылады. Тапсырыс берушілерге CL1 жасушаларды өсіруге қабілетті алдыңғы қатарлы зертханалар үшін қол жеткізу мүмкіндігі болады. Cortical Labs, сондай-ақ, түрлі қосымшалар жасау үшін бұлтты технология арқылы өсірілетін жасушаларға қашықтан кіруді қамтамасыз ете отырып, «Wetware-as-a-Service» (қызмет түріндегі бағдарламалық жасақтама) ұсынуды жоспарлап отыр. Аталмыш компания биологиялық нейрондық желілік серверлердің төрт стегін іске қосуды жоспарлап отыр: олардың әрқайсысы тірі жасушалары бар 30 жеке блокты қамтиды және оларды жыл соңына дейін бұлт жүйесі арқылы коммерциялық тұрғыдан пайдалануға қол жеткізуді көздейді. Осындай бір блоктың құнын 35 000 долларға сатып алуға болады. CL1 толығымен бағдарламаланатын екі бағытты ынталандыру интерфейсімен, нейрондарға арналған тіршілікті қамтамасыз ету жүйесімен және динамикалық қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік беретін API Python жүйесімен жабдықталған. Әрбір блок тіркеу және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қоса алғанда, барлық қажетті компоненттерді сыйдыра отырып, тәуелсіз, яғни, дербес жұмыс істейді. Энергия тиімділігі негізгі артықшылығы болғандықтан, CL1 30 блогы бар тіреу 850-1000 Вт энергияны ғана қажет етеді. Жүйе сыртқы компьютерді пайдаланбастан деректер мен қосымшаларға оңай қол жеткізуге арналған сенсорлық экранды да қамтиды. Әзірлеушілер CL1-ді  медицинада да, технологиялық секторда да пайдасын тигізеді, деп санайды. Синтетикалық нейрожелі дәрі-дәрмекті әзірлеуді және тестілеуді жақсартады, ауруларды ерте диагностикалауға, яғни, дертті ерте бастан анықтауға көмектеседі. Компьютердің кремниі AI-ға қарағанда тез үйрену және бейімделу қабілеті бар, бір мезгілде аз энергия тұтыну, робот техникасы мен автоматтандырудың әлеуетті артықшылықтарын қамтамасыз етеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3