|
Адамды тірі қалдырмайтын екі вирусқа қарсы антидене табылды
|
Лама жануарының жасушасынан ғалымдар өлім қатері аса жоғары Нипах және Хендра деп аталатын екі вирусқа қарсы лайықты тойтарыс бере алатын интидене бөліп алды. Бұл жайында islam.kz порталы lipolymer.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аустралиядағы Квинсленд университетінің ғалымдарының бұл жаңалығы өз кезегінде адамзат әлі күнге бетпе-бет келіп көрмеген, яғни, аталған жұқпалы індет тарала қалған жағдайда вируспен күресуге мүмкіндік беретін жетістікке қол жеткізді. Аталған екі вирус та хенипавиорустар тобына жатады және жануардан адамға жұғады. Салдары ауыр: өлім қатері жоғары респираторлық және неврологиялық дертке шалдықтырады. Бүгінде бұл індеттерге қарсы не екпе, не тиімді дәрі-дәрмек жоқ. Даниел Уоттерсон және Ариел Айзекс есімді профессор мен дәрігер бастаған топ әлемде алғаш рет осы вирустарды залалсыздандыра алатын наноденені тапты. DS90 деп аталған нанодене Чилидегі Аустрал университетінің ғалымдарымен арадағы халықаралық ынтымақтастық аясында ламаның иммундық жасушаларынан бөлініп алынды. Нанодене – тек ойсыл қара тұқымдастары, соның ішінде лама организмі істеп шығаратын антидененің ерекше түрі. Ол әдеттегі антиденеден он есе кіші келеді, осының арқасында вирус ақуызының ақтпарына терең әрі оңай еніп, залалсыздандыра алады. Бұған қоса, нанодене жоғары теемператураға төзімді келеді әрі жаппай өндіруге оңай. Қосымша зерттеулер барысында ғалымдар Квинсленд университетінде әзірленген m102.4 тәжірибелік антиденесімен DS90 нанотелін біріктіріп көрді. Мұндай тандем вирусты бейтараптандырып қана қоймай, сонымен қатар, оның мутациясына жол бермейтін болып шықты. Ал бұл жеетістік жаңа, неғұрлым тұрақты штаммдардың (аталған дерттің қоздырғыштарының) пайда болуын тежеу үшін өте маңызды. Профессор Уоттерсонның айтуынша, бұл жаңалық инфекция пайда болған жағдайда жұқпалы індеттің таралуына шұғыл тосқауыл қоюда қолдануға болатын дәрі-дәрмекті жасауда маңызды қадам ретінде алға шығады. Хендра-вирус алғаш рет Брисбенде 1994 жылы байқалды. Адамға жарқанаттан жұғуы ықтмал. Ал Нипах вирусы жыл сайын Бангладеш пен Азияның оңтүстік аймақтарында пайда болады.