Адамзаттың екі проблемасын бір мезгілде, қатар шешудің жолы табылды
Адамзаттың екі проблемасын бір мезгілде, қатар шешудің жолы табылды
1 сағат бұрын 55 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дания ғалымдары пластик қоқыспен және көмірқышқыл газымен бір уақытта күресудің тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Орхус университетінің зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген arstechnica.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дат ғалымдары қайта өңделетін пластикті, мысалы, бір жолғы стақандарды атмосферадан және өнеркәсіптік қалдықтан CO2 аулайтын сорбент - материал жасау үшін пайдаланбақ. Бүгінгі күні осы мақсаттар үшін шығу тегі бар заттар қолданылады. Полистиролдың молекулалық құрылымы ұқсас болғандықтан зерттеушілер оны қаншалықты алмастыра алатынын тексеріп көрмек болды. Пластикке құрамында азот кездесетін, көмірқышқыл газымен реакцияға түсетін амин топтары қосылды. Бұл  тараптағы тәжірибе нәтижесі модификацияланған полистиролдың CO2-ні, тіпті, атмосфералық ауадан да тиімді сіңіретінін көрсетті, газ жоғары деңгейде шоғырланған өнеркәсіптік қалдықтарды айтпағанда. Концентрацияны қыздыру және төмендету кезінде материал көмір қышқылын босатады, ал бұл ерекшелік оны бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді. Әзірге полистиролдың тек 1% -ы Америка құрама штаттарында және 10% -ы Еуропада өңделеді. Егер сорбенттердің бір бөлігін пластикалық қалдықтардан өндіру мүмкін болса, бірден екі мәселені шешеді: қоқыс көлемін азайтады және климаттық технологияларды арзандатуға мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат