«Мәңгі химикаттарды» жоюдың жолы табылды
«Мәңгі химикаттарды» жоюдың жолы табылды
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар «мәңгілік химикаттардың» (PFAS) осал тұсын тапты - ондаған жылдар бойы суды, топырақты улайтын және организмде жиналатын синтетикалық ластаушы заттардың молекулаларын қарқынды ультракүлгін сәуле арқылы бұзуға болатыны анықталды. Бұл ретте жою процесін күшейту үшін суға ешқандай қосымша химиялық реагенттерді қосудың қажеті болмайды. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PFAS - 1940-шы жылдардан бері өнеркәсіпте еш кедергісіз, кеңінен қолданылып келе жатқан синтетикалық қосылыстардың үлкен тобы: су өткізбейтін киім мен тамақ қаптамасын жасаудан бастап антипригарлық жабындар мен өртке қарсы арнайы көбікке дейін пайдаланылады. “Мәңгі химикат”- аты айтып тұрғандай ең басты қауіпі - жойылмайтындығында. Қоршаған орта мен тіршілік иелерінің өмірі мен денсаулығына аса қатерлі зат. Бұл молекулалардың құрылымындағы көміртегі-фторлы байланыстардың мықтылығы соншалық, табиғи ортада бұзылмайды. Суды тазартудың қазіргі технологияларының көпшілігі сүзу әдісі бойынша жұмыс істейді: ластаушы затты сүзіп алғанымен, түпкілікті жоя алмайды. Зонгсу Вэй (Zongsu Wei) есімді ғалым жетекшілік еткен Орхус университетінің (Дания) бір топ қызметкерлері таяуда бұл тарапта арнайы жүргізген зерттеу барысында «мәңгілік химикаттардың» толық ыдырауына қалай қол жеткізуге болатын жолды тапты. Ғалымдар алдымен PFAS молекулаларын бұзуда сутегінің бос радикалдары маңызды рөл атқаратынын анықтады - күшті ультракүлгін жарықтың әсеріне ұшыраған судың өзінде пайда болатын аса белсенді бөлшектер (әсіресе, толқын ұзындығы 300 нанометрден кем емес диапазон тиімді болып шықты) турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл радикалдар PFAS молекулаларына қалай әсер етеді? - фтор атомдарын біртіндеп ажыратып, ірі, зиянды қосылыстарды ұсақ және төзімділігі төмен заттарға айналдырады. Бұған дейін ғылыми қоғамдастық ыдырау процесіне басқа реактивті бөлшектер жауап береді, деп ойлап келген еді, алайда, соңғы ғылыми жұмыстың авторлары басым рөлді сутегінің бос радикалдары атқаратынын нақты анықтаған. Зонгсу Вейдің айтуынша, бұл тетікті терең түсіну немесе мұндай технология өз кезегінде су тазарту стансаларында химикаттарды жоюдың мүлдем тың, экологиялық жағынан таза және оңай масштабталатын технологияларын әзірлеудің іргелі негізін қалайды. Десе де зерттеушілер бұл технологияны жаппай қолдануға асығар емес, өйткені, молекулалардың ыдырау процесі баяу жүріп жатыр. Бұл аралықтағы реакциялардан тағы бір кері әсері бар зияндды заттар түзілуі мүмкін. Мұндай қауіптің қаншалықты ықтимал екендігін тексерудің өзі уақыт алады. Соған қарамастан “мәңгілік химикаттың”ең “жанды жері” табылып отыр. Осылайда, адамзат “мәңгілік химикаттардан” біржола құтылатын күн алыс емес. 

0 пікір
Мұрағат