Аллергия тудыратын иммундық жасушаның сирек түрі табылды
Аллергия тудыратын иммундық жасушаның сирек түрі табылды
1 жыл бұрын 973 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Питтсбург университетінің ғалымдары аллергия тудыратын иммундық Т-хелпер-жасушаның сирек түрін тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде Th9 жасушаларының деңгейі жоғары науқастарды аллергиядан тиімді емдеудің жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Immunology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Th9 жасушасының қалыптасуы үшін «реакциялардың» белгілі бір тізбегі қажет, оның үстіне, олар қысқа мерзімді, яғни, аз уақыт қана болып жоғалады. Бұл жайт аталған жасушаны зерттеуді қиындатады. Әдетте, Т жасушалары патогендік микроорганизмдермен кездескен кезде белсенді әрекетке көшеді, нәтижесінде иммундық реакцияны (жауапты) бақылайтын қабынудың цитокиндік ақуыздарының пайда болуына әкеледі. Сонымен бірге, Th9 жасушасы қажетті антигенді таппай-ақ жұмыс істей алады. Аллергиялық реакцияларда Th9 жасуша белсенділігінің қалай оянатынын анықтау үшін ғалымдар атопиялық дерматиті бар науқастардың Т жасушаларындағы IL9 цитокин деңгейін өлшеді. Аллергиялық науқастарда Th9 сыртқы қоздырғышқа реакция бергені белгілі болды, ал дені сау адамдарда мұндай процесс байқалмады. Сарапшылар аллергиясы бар науқастардың бақылау-өткізу пунктісі бұзылатындықтан цитокин өндірісі жасушаларды антигенмен қалпына келтірместен де жүреді, деп пайымдап отыр. Сонымен қатар, Th9-да реттеудің басқа тетігі де кездеседі. Бұл жасушалар генді белсендіру үшін IL9 айналасындағы ДНҚ-ның ашық аймағымен байланысатын STAT5 және STAT6 (сигналды ақуыздар) транскрипциясы (Транскрипция (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу)  факторларымен белсендіріледі. Бұл жағдайда жасуша болашақта ықтимал патогенмен кездесуге (дәлірегі, тойтарыс беруге) дайын болуы үшін ген ашық күйінде қалатын қалыпты процеске қарағанда ДНҚ уақыт өте келе жабылып, IL9 циткоинін істеп шығаруды тоқтатады. Ғалымдар Th9 жасушасы тудыратын аллергиялық демікпесі бар тышқандардың JAK-STAT сигналын тофацитинибпен (дәрімен) бұғаттады, бұл тәсіл симптомдарды жақсартты. Аллергиялық демікпесі бар науқастардың деректері де сарапталды. Th9 жасушаларының деңгейі жоғары науқстардың STAT5 және STAT6-мен байланысты гендердің белсенділігі жоғары болатыны анықталды. Бұл әдіс Th9 жасушасы тудыратын аллергияны емдеудің жаңа тәсілдерін қалыптастырып, JAK тежегіштеріне (ингибатор) жауап беретін (реакция танытатын) пациенттерді анықтау үшін биомаркер ретінде әрекет ете алатынын көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат