Альцгеймер ауруын анықтаудың тың тәсілі пайда болды
Альцгеймер ауруын анықтаудың тың тәсілі пайда болды
2 жыл бұрын 3593 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруы мен көз торы халінің арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA Ophthalmology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жаңалық өз кезегінде аталған ауруды ерте анықтауға мүмкіндік беретін диагностика тәсіліне айналмақ. Мамандар бұл тарапта 1972-1973 жылдар аралығында дүниеге келгендердің 45 жасқа дейінгі кезеңінде бақылауға алынған 865 респонденттің көз торысының жүйке талшықтары мен ганглиозды жасуша қабаты туралы деректер мен конгнитивтік қабілетін салыстырып, сараптап көрді. Соның ішінде олардың балалық шағындағы және ересек кезіндегі ой қабілетін (IQ, ақпаратты игеру жылдамдығы, перцептивті ойлау (сезім мүшелерімен қабылдаған ақпаратты түсініп, пайдалану) деңгейі, т.б. факторлар салыстырылған. Ғалымдар торлы қабықтағы ганглиондық жасушалар мен жүйке талшықтарының қалың қабаттарының жас және ересек жаста жақсы конгнитивтік көрсеткіштермен байланысты екенін анықтады. Көз торы қабығы жұқа адамдардың ойлау қабілеті төмен болып шықты, бұған қоса, алынған ақпаратқа қатысты реакциясы да баяу болған.

Ұқсас материалдар: 

"Адам көзіне қарап қанша ғұмыры қалғанын анықтауға болады – биомаркер" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-kozine-qarap-qansha-gumyry-qalganyn-anyqtauga-bolady-biomarker-16338/#gsc.tab=0);

«Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0);

"Науқастың жанарына қарап, қанша ғұмыры қалғанын анықтауы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/gylym/nauqastyn-janaryna-qarap-qansha-gumyry-qalganyn-anyqtauy-mumkin-13977/#gsc.tab=0);

"Көз қарашығының көлемі мен адам интеллектісінің арасында байланыс бары анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/koz-qarashygynyn-kolemi-men-adam-intellektisinin-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-15341/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат