Аммиакты кәдімгі жарықдиодты пайдаланып жасыл отынға айналдырды
Аммиакты кәдімгі жарықдиодты пайдаланып жасыл отынға айналдырды
2 ай бұрын 540 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер сутегі экономикасы үшін жарықпен белсендірілген наноматериал әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Принстон университеті мен Райс университетінің зерттеушілері темір, мыс және кәдімгі жарықдиодты біріктіріп, арзан сутегі өндіру технологиясын жасады. Ғалымдар ұсынған әдіс аммиакты жасыл отынға айналдыру үшін экстремалды, яғни, жоғары температураны немесе қымбат катализаторларды қажет етпейді. Өнеркәсіптік зауыттар аммиакты жоғары температурада катализаторлардың кең спектрін, яғни, катализатор ретінде химиялық реакцияны тездететін материалдарды пайдалана отырып ыдыратады. Алдыңғы зерттеулер рутения көмегімен процесс температурасын төмендетуге болатынын көрсетті, алайда, бұл материал тым қымбатқа түседі. Процесті оңтайландыру үшін химиктер плазмоника жетістіктерін пайдаланды. Бұл кішкентай металл наноқұрылымдары мен жарықтың үйлесімін зерттейтін салыстырмалы түрде жаңа сала. Жарықты бір толқын ұзындығынан кіші құрылымдарға бағыттау арқылы инженерлер материалдың қасиеттерін басқарады. Бұл жағдайда ғалымдар темір нанобөлшектерінің электрондарын қоздыру үшін жарықты пайдаланды. Плазмоника үшін мыс, алтын немесе күміс сияқты металдардың белгілі бір түрлері ғана жарамды. Ғалымдар ұсақ наноқұрылымдар жасау үшін темір бөлшектеріне мыс атомдарын қосады. Бұл жағдайда мыс светодиодтан жарық түсіретін антенна ретінде алға шығады. Ал мысқа енгізілген темір атомдары жарық әсерінен қозғалған электрондармен қозғалатын реакцияны жылдамдату үшін катализатор ретінде әрекет етеді. Бірқатар тәжірибе барысында ғалымдар бұл әдістің аммиактан сутегін алу үшін қолайлы екеніне көз жеткізді. Зерттеушілер бұл процестің ауқымды екенін айтады. Ғалымдар процестің тиімділігін одан әрі арттыру және оның құнын төмендету үшін балама катализаторларды зерттеуді жалғастырады.

 

Аммиактан сутегі алу үшін мыс-темір плазмоникалық фотокатализаторларды сынауда қолданылатын реакция ұяшығы (сол жақта) және фотокаталитикалық платформа (оң жақта). Катализ үшін барлық реакция энергиясы 470 нанометр толқын ұзындығында жарық шығаратын светодиодтардан алынды. Кескін: Syzygy Plasmonics, Inc., Rice University

 

0 пікір
Мұрағат