|
Аш микробтар үңгір жасауға қабілетті болып шықты
|
Геологтар микроағзалардың белгілі бір уақыт аралығында жер ландшафтын өзгертуге қабілетті екенін анықтады. Мәселен, қомағай микробтар жер астын үңгіп тастайды. Бұл жайындағы зерттеу нәтижесі Chemical Geology басылымында жарияланды. Ғалымдар Италияның шығысында орын тепкен Фразасси карстық үңгірін зерттеп көрді. Үңгір қышқылдан тез жарықшақтанатын әктен тұрады. Сондай-ақ, аталған үңгірде күкіртті сутектің мол қоры бар болып шықты. Олар улы болғандықтан адамдардың өмірі мен денсаулығына қатерлі болып табылады. Алайда, микроағзалар үшін нағыз энергияның қайнар көзі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды