Алматы көшесінде фашизм белгісі бар автокөлік жүр
Алматы көшесінде фашизм белгісі бар автокөлік жүр
9 жыл бұрын 3231

Facebook әлеуметтік желісінің бір пайдаланушысы өзінің парақшасында жүк салғышында кезінде фашистер белгісіне айналған свастик бейнеленген, алматылық мемлекеттік нөмірлі Toyota автокөілігінің фото-суретін жариялапты. Белгілі болғандай, автокөлігінде свастик бейнеленген жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тартып, жазалау қиын. Өйткені, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде фашизмді насихаттағандарға жаза тағайындайтын нақты бап жоқ. Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырғандарға қатысты 174-ші бап бар, алайда, ол осы эпизод үшін жауапкершілікке тартуға келе бермейді. ...тікелей норма жоқ.

Анықтама:

Свастика – көптеген халық пайдаланатын көне үнділердің мәдени-діни символы. «Свастика»  термині  «свасти» сөзінен шыққан. Ол сәттілікті немесе саулықты білдіреді. Дәстүрлі түсіндірмесінде әрдайым жағымды мәні бар ұғым. Бұл – өмір мен қозғалыс. Алайда, фашистердің бұл белгіні пайдалануына орай ол туралы өте жағымсыз ұғым қалыптасқандықтан қолдануға мүлдем келмей қалған еді. Әдеттегі көзқарасқа сәйкес свастика ұғымы оның қай жағына айналатынына байланысты мән иеленеді. Егер сағат тілімен айналатын болса, онда бұл өмір қозғалысы, жаңғыру және шығармашылық болғаны. Ал сағат тілінің айналу бағытына қарсы айналатын болса, онда ол өлім мен бүлікті білдірмек. Бір  қызығы, Гитлер оны сватика деп атамаған. Оны «кетпен бейнелі айшық» деп атаған.

Ескерту: мақала ықшамдалып аударылды. (ред.)

 

0 пікір
Мұрағат