Ауру тарататын масаның өзін екпе құралына айналдырды: ине шаншудың орнына шағу арқылы екпе салу тәсілі пайда болды
|
Медицинада ерекше инновациялық әдіс пайда болды: безгекке қарсы аталған індетті тарататын жәндіктің өзін генетикасын түрлендіру арқылы екпе құралына айналдырылды. Клиникалық сынақ нәтижесі мұндай табиғи екпенің тиімділігі 90% екенін көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы nejm.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық ғалымдар тобы безгектен қорғанудың баламалы тәсілін ұсынды. Бұл жаңалық өз кезегінде жыл сайын бүкіл әлем бойынша төрттен бір миллиард адамға аталған індеттен келетін қауіпті сейілтуге мүмкіндік береді. Вакцинациялаудың жаңа әдісі безгек паразитінің арнайы түрлендірілген нұсқасын тасымалдайтын масалардың шағуына негізделген. Бұл әдіс безгекке қарсы иммундық жауапты ынталандырады. Осы орайда безгекке қарсы бекітілген екі екпенің барын айта кетпекпіз. Екеуі де бауыр жасушаларына безгек паразиттерінің жұғуына тосқауыл қоятын антиденелер өндірісін ынталандыру арқылы ұзақ иммунитет қалыптастырады. Алайда, олардың тиімділігі 75%-дан аспайды және қайта вакцинациялауды талап етеді. Сондықтан иммунологтар баламалы стратегияларды іздеуді жалғастырып келеді. Соның бір амалы ретінде ауру тарататын масаның өзінің генетикалық құрылымын өзгерту тәсілі қарастырылған. Бұрын ғалымдар безгекті қоздыратын агенті - Plasmodium falciparum негізінде жасалған әрі өзгертілген GA1 паразитінің тиімділігін тексерген болатын. Ол адамға ауру жұққаннан кейін шамамен 24 сағаттан соң ғана ігдеттің дамуын тоқтатуға арналңан. Десе де GA1 бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандардығң тек бірен-саранын ғана ауурудан қорғай алды, сондықтан ғалымдар GA2 деп аталатын оның жетілдірілген нұсқасын жасады. GА2 нұсқасы адам организімінде алты тәулікке дейін белсенділік танытуға қабілетті, содан кейін әсерін тоқтатады. Осы мерзімнің өзі тұрақты иммундық жауапты қалыптастыруға жеткілікті. Тәжірибе кезінде гені түрлендірілген жәндік шаққан елу адамның 89%-ы індет жұқтырмаған. Бұлл жаңалық жылына жүздеген мың аадамның өмірін қиятын безгекке қарсы күресті жаңа белеске көтереді.