Мұсылман сән үлгілеріндегі қазіргі үрдістер: худжаб хиджабты алмастырып жатыр (фото)
|
Бүгінде мұсылман сән әлемі немесе индустриясы түрлі мәдениеттің элементтерімен байып, климаттық және жағрафиялық ерекшелікке қарай түрленуде. Осындай факторлардан түрлі сән үлгілері пайда болуда. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Батыс елдерінің мұсылман елдерінің отарлау саясаты мұсылманша сән үлгілерін тудырды. Мәдени экспанцияға қарсы өз иммунитетін қалыптастырды. Мейлінше шариғат талаптарына сай тігілген қарапайым киім үлгілерін түрлі стил алмастыруда. Бұл үрдіс, әсіресе, жаһандану дәуірінде белең алып, мұсылман сән әлемі өз алдына бөлек индустрия болып қалыптасты. Сән үлгісінің түрлену құбылысының жарқын мысалына ағылшын тілінде hoodjab деп дыбысталатын «худжаб» атауына ие болған ерекше киім үлгісін жатқызуға болады. Бұл термин «худи» және «хижаб» сөздерінің бірігуінен пайда болған. Бүгінде біз білетін капюшонды кең-мол пішілген киім 1930-шы жылдары ойлап табылғанымен, ол 1970 жылдары Нью-Йорктың жер асты музыка сахнасында хип-хоп дүниеге келгенде кеңінен танымалдылыққа ие болды. Бұл жанр тек саз бен мәдениетке әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, мұсылмандардың дүниетанымына да – эпистемологиядан бастап, этика мен эстетикаға дейінгі сән мен стил аспектілеріне ықпал етті. Худи Америка құрама шттатары аумағында өршіп тұрған нәсілшілдікпен, полиция қатыгездігімен күрестің символы секілді мәнге ие болып, рэперлердің, граффист суретшілердің, т.б. бірегей киім үлгісіне айналды. Аты айтып тұрғандай, худжаб — капюшон мен хиджабтың үйлесімі, басқаша айтқанда, хиджаб тігілетін капюшон. Тіпті, атақты Puma компаниясы да худжабтың өзіндік үлгісін шығарды. Компанияның өзі оны қарапайымдылықты артық көретін әйелдерге арналған спорттық киім ретінде көрсеткенімен, мұсылман әйелдері мұндай киімнің ыңғайлылығын жоғары бағалайды