|
Бір басында бес қызметі бар титтей робот жасалды (видео)
|
Сингапурдың Наниан технологиялық университетінде пациент денесінің ішінде саяхаттап, бірден бес жекелеген міндетті орындауға қабілетті, көптеген функциясы бар медициналық роботтың прототипі жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұзындығы небәрі 4,4 мм болатын және өзінің энергия көзі жоқ - робот сыртқы магниттік өрістер есебінен қозғалысқа келтіріледі. Алдыңғы нұсқалардан айырмашылығы - ол жартылай қатты құрылымға ие, сондай-ақ, қозғалыстың ерекше түрін орындай алады - робот дененің ішіндегі күрделі кедергілерді еңсеру үшін айнала алады. Бұл магнитті сыртқы қуаты бар алғашқы робот, ол бірнеше функцияны біріктіреді. Алдыңғы конструкциялардың негізгі кемшіліктері бар - олар тұтастай магниттелетін, сондықтан роботтың барлық бөліктері тек жүктелген бір міндетті орындауға бағдарланған. Жаңа конструкцияда силикон негізінің ішіндегі диаметрі 5 мкм магниттік жапсырмалар пайдаланылды. Бұл тиісті тапсырмаларды орындау үшін роботтың түрлі бөліктерін таңдап белсенді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Робот дененің ішінде қозғалудан басқа тіндерді кесіп, қол жетпейтін жерлерде биопсия жүргізе алады, негізгі ағзаға әсері аз, кесілген фрагменттерді сыртқа тасымалдай алады. Сондай-ақ, ол дәрі-дәрмекті қажетті жеріне жеткізе алады, ал қатерлі ісік жасушаларын таңдап жою үшін тәжірибе түрінде гипертермия жүргізу үшін пайдалануға болады. Бірегей технология ерте сатысында болғандықтан робот тірі организмнің ішінде емес, тіндердің имитаторларында сынақтан өткен. Оның көптеген кемшіліктері бар, олардың ең бастысы - тірі заттың ішінде болған кезде машинаны күрделі және үздіксіз бақылау қажеттілігі. Хирургтар роботты оқытып, түрлі процедуралар жүргізу үшін қозғалыстарды визуализациялаудың жаңа әдістерін және жалпы денеде бағдарынан жаңылмауы үшін навигацияны меңгеруі тиіс.