Дәріні адам организімінде синтездейтін бактерия пайда болды. Дәрі жеткізудің тың әдісі: жасушасы мен ақуызы бар гидрогел
Дәріні адам организімінде синтездейтін бактерия пайда болды. Дәрі жеткізудің тың әдісі: жасушасы мен ақуызы бар гидрогел
2 жыл бұрын 1374 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Джорджия штаты университетінің профессоры Анумантхи Кантхасами бастаған ғалымдар тобы ішек таяқшасының гендік түрлендірілген жаңа түрін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зеттеу материалы жарияланған academic.oup.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол Паркинсон дертіне шалдыққан науқас ұдайы қабылдауы тиіс дәріні – леводопты істеп шығара алады.  Дәлірегі, америкалық ғалымдар бұл тарапта ішек таяқшасы патоненінің адам ішегінде тіршілік ететін гендік түрлендірілген түрін жасаған. Ол Паркинсон дертіне шалдыққан науқас ұдайы қабылдауы тиіс дәріні тікелей организмнің өзінде өндіретін болады. Паркинсондық - пациенттің жай-күйін сипаттау үшін қолданылатын жалпы термин, болғандықтан ішек таяқшасының гендік тұрғыдан түрлендірілен түрі Паркинсон ауруын да, басқа факторлардан туындаған қайталама неврологиялық симптомдар да емдеуі мүмкін. Мұндай ауытқу әдетте адам ағзасындағы допаминді істеп шығаратын нейрондар жаппай өлген кезде пайда болады. Оларды организм өздігінен қалпына келтіре алмайды, бірақ, леводопа заты көмектесе алады - бұл допаминнің прекурсоры, ол дәл осылай жұмыс істейді. Емдеудің ерекшелігі – жетіспеген табиғи нейротрансмиттердің орнын толтыру үшін дәріні үнемі қабылдау керек. Яғни, ғалымдар жасаған E. coli Nissle 1917 (EcN) E. coli GM желісін (ішек таяқшасы патоненінің адам ішегінде тіршілік ететін гендік түрлендірілген түрі) ауытқуы бар адам леводопаны үзіліссіз қабылдай алады. Ғалымдар, тіпті, бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізіп те көрген екен, гені түрлендірілген аталмыш бактерия өз тиімділігік көрссетті. Ғалымдардың пікірінше, есірткі синтезінің белсенділігін пациенттің қажеттіліктеріне қарай бақылауға болады. Олар бұл тәсілдің тиімді екенін және басқа аурулармен күресуге көмектесетінін атап өтті.

Дәрі жеткізудің тың әдісі: жасушасы мен ақуызы бар гидрогел

Стэнфорд университетінің инженерлері қатерлі ісік дертінің ем-домын айтарлықтай жақсартатын тәсілді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада дәріні ауру жайлаған жерге жеткізу әдісі турасында сөз болып отыр. Ғалымдар бұл тарапта түрлендірілген иммундық жасушаларды, дәлірегі, химерикалық антиген рецепторы (CAR) бар Т-жасушаларын күшейтуге бағытталған дәріні жеткізу әдісін ойлап тапқан. Мамандардың айтуынша, химерикалық антиген рецепторы (CAR) бар Т-жасушалары мен гидрогелдегі арнайы мамандандырылған сигналды ақуыздар бір-бірін жатырқамайды, яғни, биологиялық тұрғыдан үйлесіп кете алады. Оларды қатерлі ісік жайлаған тұстың маңынан организмге енгізеді. химерикалық антиген рецепторы (CAR) бар Т-жасушалары – иммундық терапияда пайдалану үшін Т-жасушасының жасанды рецепторын алу мақсатында генетикалық тұрғыдан құрылымдалған Т-жасушалары. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, гел өз кезегінде иммундық жасушаларды қатерлі ісік жасушаларымен күресуге дайындайтын, яғни, көбейіп, белсенділікке көшуі үшін организмде арнайы, уақытқша ортаны қалыптастырады. Гел қатерлі ісікке үздіксіз шабуыл жасау үшін белсендірілген CAR T жасушаларын шығаратын жабылмаған контейнер ретінде әрекет етеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан аталмыш жоғарғы оқу орнының материалтану және инженерия кафедрасының доценті Ерік Апелдің айтуынша, Т-жасушаларының көбісінің тиімділігін арттыру бағытында ғана жұмыс жүргізілген, алайда, олардың организмге тап болғаннан кейін қалай жұмыс істейтініне жете назар аудрылмаған. Міне, осы бағытта ізденгендерін тілге тиек етті. Гидрогел су мен екі ингредиенттен (целлюлоз бен биологиялық тұрғыдан ыдырайтын нанобөлшектерден) тұрады. Бұл екі компонент бір-бірімен жақсы байланысады, қажет кезде ооларды ажыратып алуға да болады. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар құрамында жасушалар мен ақуыздар кездесетін гидрогелді жануар оранизіміне енгізіп көрген екен, нәтижесінде қатерлі ісік жасушалары дәрі енгізілген сәттен кейін күннен соң жойылған. Ең бастысы – гел тәжірибе жүргізілген кеміргішке керә әсерін тигізбеген, яғни, ешқандай қабыну процесі орын алмаған.

Дәріні жұтуға қиналатын науқастар мен су болмағанда ішуге арналған гел дәрі жасалды

Ғалымдар жұтуға қиналатын науқастар үшін әрі су жоқ кезде қабылдауға арналған, майдан гел жасады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа гелді кез-келген дәрі-дәрмекпен толтырып, йогурт сияқты жеуге болады: осылайша жұту қиындығынан құтқарады. Массачусет технологиялық институтының ғалымдары осылайша таблетка түрінде шығарылатын дәріні қабылдаудың жеңіл әрі оңтайлы нұсқасын дүниеге әкелді. Кейбір дәрілерді суда ерітіп ішуге болады, алайда, ондай дәрілер көп емес әрі сұйық дәрілердің көбісіне былайғы жұрт қол жеткізе бермеді. Майдан жасалған гел дәрілік заттарды ерітетін, олардың қасиетін төтенше температурада сақтай алатын, сонымен қатар, әртүрлі фармацевтикалық препараттарды жатырқамайтын болады. Бұл тарапта ғалымдар гелдің оңтайлы құрылымы мен дәмін тапқаннан кейін балаларға қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін зерттей келе  паразиттік инфекцияларды, безгекті және бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын үш препаратты таңдады: празиквантел, люмефантрин және азитромицин. Содан кейін препараттар май негізіндегі гельдермен араластырылды. Гел бірнеше апта бойы 40 ° C температурада және бір апта бойы 60 ° C температурада тұрақтылығын жоғалтпады, яғни, дәрінің тиімділігін төмендетпей қауіпсіз тасымалдауға болатындығын білдіреді.

 

0 пікір
Мұрағат