Генді бір мезгілде редакциялайтын әрі белсендіретін генетикалық құрал пайда болды. Генді электрмен белсендіру жолы табылды
Генді бір мезгілде редакциялайтын әрі белсендіретін генетикалық құрал пайда болды. Генді электрмен белсендіру жолы табылды
2 жыл бұрын 1180 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Солында кәдімгі салат, оңында гені түрлендірілген салат

Генді редакциялауға арналған CRISPR-Combo құралы генді бір мезгілде редакциялап, өзг генді белсендіруі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұрыннан бар CRISPR құралын бір мезгілде бірнеше түрлі генді редакциялап, қажетіне қарай гендер экспрессиясын қосып немесе ажырататындай етіп жетілдірді. Жаңа зерттеуде UMD ғалымдары осы екі әдісті CRISPR-Combo деп аталатын бір құралға біріктірді. Әдетте бағыттаушы РНҚ-ның бір тізбегі редакциялау функциясын немесе белсендіру функциясын орындайды, яғни, олар тек біреуін немесе екіншісін орындай алады. Бұл зерттеу үшін ғалымдар екі функцияны біріктірді - жалпы Cas9 өңдеу және sgRNA тіректерін белсендіру. Ғалымдар бұл тұжырымдаманы бірнеше тәжірибелер арқылы сынап көрді. Алдымен олар қызанақ пен күріш өсімдіктерін қолданып, жүргізген сынақтары сәтті өтті. Авторлар В генін қиып өтпей және өшірмей немесе А генін реттемей-ақ А генін өңдей алатынын немесе В генін қоса алатынын көрсетті. Содан кейін олар қарапайым зертханалық өсімдікке – rockcress-ке тәжірибе жасап, оның ДНҚ-сына бір уақытта екі пайдалы өзгеріс енгізуге болатынына кө жеткізді. Олар өсімдіктерді гербицидтерге төзімді ететін генді өңдеді және өсімдіктердегі ерте гүлдейтін генді белсендірді.

Генді электрмен белсендіру жолы табылды

Британ ғалымдары электрон көмегімен гендер экспрессиясын (ген экспресиясы дегеніміз – гендегі ұрпақтан ұрпаққа берілетін ақпараттың нақты өнімдерге – РНҚ-ға немесе ақуызға айналу процесі) басқарудың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ақпарат көзі мен аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына және imperial.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология организмдегі биомедициналық импланттарды әрі үлкен биореакторлардағы өндірісті бақылауға көмектеседі. Лондонның империялық колледжінің ғалымдары жетекшілік еткен зерттеушілер тобы бұл тарапта ген экспрессиясын электрохимиялық белсендіру үшін пайдалануға болатын күшті, бір бағытты, тотығу-тотықсыздануға сезімтал PsoxS промоторын әзірледі. Жасушаның жұмыс істеуі промоторлардың (гендердің белсендірілуін және ақуыздардың кейінгі синтезін реттейтін ДНҚ бөлімдері) көмегімен қамтамасыз етіледі. Ғалымдар өз жұмыстарында электрлі сигналдар арқылы басқаруға болатын промоторларды жасады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Джошуа Лоуренс есімді ғалымның айтуынша, нақты уақыт аралығында белгілі бір химиялық затты жасуша істеп шығуы үшін компьютердегі баптауды өзгерту арқылы ештеңеге қол жеткізе алмайсыз – біз химиялық зат қосуымыз керек немесе жарықты өзгертуіміз керек. Осы жоба аясында жасалған құрал ғалымдарға гендер экспрессиясын әрі жасушаның әрекетін бақылауға мүмкіндік береді. Әлбетте, электрлі сигнал көмегімен. Бұл промоторлар қажетті гендердің «кернеу жағдайында» экспрессиясын тудырып қана қоймайды, сонымен қатар «өшірулі» күйде белгілі бір тетіктерді бұғаттай алады. Технологияны сынап тексеріп көру үшін ғалымдар медузаның жарқыраған ақуызын алып, бактерияларда экспрессия тудыру үшін жаңа промотор мен электрондарды пайдаланды. Бактерия жасушалары жүйе «қосулы» болғанда ғана жарқырайды. Жүйенің басқа конфигурациясында ғалымар жүйе «өшірулі» болғанда жарқырайтын және жүйе «қосулы» болғанда жарқырауын тоқтататын бактерияларды жасады. Ғалымдар бір мезгілде электрлі сигналдар әртүрлі гендердің тәуелсіз экспрессиялануын тудыруы үшін әртүрлі төменгі факторларды тудыратын промоторларды жасау жұмысын жалғастыратын болады.

Бейне:  Imperial College London

0 пікір
Мұрағат