|
Жердің ауыл шаруашылығына жарамды аймақтары климат дағдарысының теріс ықпалынан жойылып барады
|
30 жыл ішінде Жер құрлығында климаттық белдеулердің шекаралары ауысты. Бұл процесс құрлық аумағының 12,4% -ын қамтыды, яғни, бұл көрсеткіш 18,5 млн шаршы шақырымға тең. Мұндай жағымсыз деректерді Мексиканың ұлттық автономиялық университетінен Дэвид Ромеро мен Херардо Мартин келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі мәлімет көздеріне сүйене отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта 1961-1990 және 1991-2020 жылдар аралығындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның екі климаттық нормасын салыстырды. Аталмыш әдіс негізінде ERA5-Land реанализінің деректері және Кеппен-Гейгердің жіктемесі жатыр. Жаһандық жылынудың кері салдары барлық құрлықта дерлік тіркелді. Температураның оң ауытқуы (көтерілуі) құрлықтар алаңының 99,16% -ында байқалған. Жер беті орташа алғанда 0,731 градусқа жылыды. Арктика мен Орталық Азияның кейбір аудандарында ауа температурасы 3,6 градустан асты. Осының салдарынан құрғақ және қапырық аймақтар көбейген, ал суық және ылғал өңірлер қысқарды. Аридті аумақтардың ауданы 4,56% -ға өсті. Полярлық және биполярлық өлкелер 6,25% -ға азайды. Климат дағдарысынан ең көп зардап шеккен тундра болды, оның ауданы 15,66% -ға төмендеді. Тағы бір қауіп жасырын құрғақшылықпен байланысты. Жауын-шашынның жалпы көлемі орташа алғанда 8,8 мм азайды, алайда, ылғал тапшы. Күшті булану салдарынан топырақ пен өсімдіктер суды алғанға қарағанда суды тез жоғалтады.