Депрессия дертінің қауіпті салдары анықталды
Депрессия дертінің қауіпті салдары анықталды
1 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар мидың нейрон желісінен жасушалар арасындағы байланыстарға және стрестен қорғауға жауап беретін гендерді қоса алғанда, терең өзгерістерді тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде психикалық ауруларды емдеу әдістерін өзгертуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы медициналық ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Колумбия университетінің ғалымдары есте сақтау мен эмоцияға жауап беретін мидың гиппокампасында жаңа нейрондар өндірісінің төмендеуі күйзеліспен байланысты екенін анықтады. Бұрын депрессия дерті серотонин тәрізді заттардың жетіспеушілігінен туындайды, деген тұжырым үстем болатын, осыған қарамастан мидың стреске және жаңа жағдайларға бейімделу қабілетінен айрылатыны анықталды. Ересек ми жаңа нейрондар қалыптастырады, әсіресе, гиппокампада, алайда, мұндай қабілет ауыр депрессия дертіне шалдыққан адамдарда төмендеп кетеді. Жаңа жасушалар ұқсас жағдайларды ажыратуға көмектеседі. Бұл функция бұзылғанда адам депрессияны күшейтетін жағымсыз әсерді жиі қабылдайтын болады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, депрессия дертіне шалдыққан науқастардыңң ми қыртысында нейрондардың пайда болуы бәсеңдеп қана қоймай, гиппокамптың барлық нейрондық желісінде терең молекулярлық өзгерістер болады: жасушалар арасындағы байланыстарға, олардың қоректенуіне және стрестен қорғауға жауап беретін гендер зардап шегеді. Ғалымдар қайтыс болған адамдардың жарты миллионға жуық ми жасушаларын зерттеп, өзгерістердің бір бөлігі генетикамен, ал бір бөлігі сыртқы ортаның әсерімен, мысалы, стреспен немесе жаспен байланысты екенін анықтады. Бұл анықталған жайттар депрессияның бір ғана ауру емес, түрлі биологиялық себептері бар ауыр дерт екенін білдіреді. Ғалымдар болашақта депрессия дертін қатерлі ісікке қарсы қолданылатын ем-домға тән әдістермен емдейтін тәсіл бойынша оның «молекулярлық таңбалары» бойынша жіктеуге және мидың жаңа нейрондар жасау және эмоцияларды дұрыс өңдеу қабілетін қалпына келтіруге бағытталған неғұрлым нақты және тиімді емдеу процедураларын қаалыптастыруға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат