Организмнің қартаю процесін баяулататын тағы бір тәсіл табылды
Организмнің қартаю процесін баяулататын тағы бір тәсіл табылды
1 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ішек микрофлорасының құрамын өзгерту әдісі жасқа байланысты өзгерістерді баяулатудың және саламатты өмір кезеңін ұзартудың жаңа тәсіліне айналуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ересектердің бірнеше тобының деректерін талдады және Bifidobacterium pseudocatenulatum ішек бактериясының саны ерлерде де, әйелдерде де жасына қарай айтарлықтай азайып бара жатқанын анықтады. Бұл ретте құрамында бактериясы жоғары адамдарда микробиом неғұрлым жас биологиялық жасқа сәйкес келеді, ол ол ма, денсаулығының кейбір көрсеткіштері басқа қатарластарына қарағанда әлдеқайда жақсы болды. Зерттеушілер мұндай әсер 5-AVAB затымен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады. Аталған затты Bifidobacterium pseudocatenulatum ішек бактериясы істеп шығарады. 5-AVAB деңгейі де жасына қарай төмендейді. Кәрі тышқандарға жасалған тәжірибе барысында кеміргіштердің ішек микрофлорасына 5-AVAB енгізілген болатын. Нәтижесінде кәрі тышқандардың есте сақтау қабілеті жақсарып, қимыл-қозғалысы ширақ тартып, сондай-ақ, жүректегі, бауырдағы, өкпедегі, бүйректегі, бұлшық еттердегі және басқа да ағзалардағы созылмалы қабынуы төмендеген. Осындай әсер бактерияның өзін ішек микрофлорасына енгізгенде де байқалды.

0 пікір
Мұрағат