ДНҚ мен тінді қалпына келтіретін дәрі жасалды
ДНҚ мен тінді қалпына келтіретін дәрі жасалды
2 сағат бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жиырма жыл бойы жүрек жасушаларынан қолмен (адамның араласуымен) бөлініп келген молекула қазіргі уақытта зертханада синтезделеді және иммундық жасушаларды қоқыстардан тазартуға және регенерацияны іске қосуға жұмылдыратын генді күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.plus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Cedars-Sinai медицина орталығының ғалымдары аттай 20 жылға созылған зерттеуді аяқтап, зақымдалған ДНҚ-ны және инфаркттен, аутоиммунды аурулардан және басқа да зиянды процестерден кейін тіндерді қалпына келтіруді іске қосатын жаңа TY1 дәрісін синтездеді. Бұл жаңалық ғалымдар жүректен бөліп алатын жасушалардан бастау алады. Бұл жасушалар діңгекті жасушаларға ұқсас, айырмашылығы - неғұрлым талғап жұмыс істейді: жүректен алынған жасушалар осы ағзаның жаңа сау тіндерін жасай алады. Эдуардо Марбан есімді медицина ғалымы мұндай жасушалардан ерекше тетікті тапты: олар ДНК, РНК молекулаларын және ақуыздарды жасушалар арасында тасымалдайтын және зақымдалған жерлерді жөндей алатын микроскопиялық, мембраналық капсулалар, экзосомалар істеп шығарады. "Экзосомалар - маңызды ақпаратты қамтитын бүктеулі хат сияқты, - деп түсіндіреді зерттеуге атсалысқан Smidt Heart Institute кардиология кафедрасының профессоры Ахмет Ыбырайым. - Біз осы шифрланған хаттарды тарқатып, қандай молекулалардың емдік әсері бар екенін анықтағымыз келді", деді. Ғалымдар бұл тарапта экзосомның ішінде не барын анықтады, РНК-материалдың тізбегін оқыды және басқалардан жиі кездесетін бір молекуланы тапты. Жануарларға жасалған тәжірибелер дәл осы РНК тіндердің регенерациясында негізгі рөл атқаратынын растады. Жиырма жылдан кейін ғалымдар табиғи молекуланы зертханада молықтырды - осылайша TY1 синтетикалық молекула пайда болды. "Діңгекті жасушалармен емдеу тетігін зерттей отырып, біз ағзаны діңгекті жасушаларын пайдаланбай емдеудің жолын таптық, - дейді Smidt Heart Institute атқарушы директоры Марбан. TY1-  алғашқы экзомер, тіндердің зақымданған тұсын стандартты емес жолдармен жоятын дәрілердің жаңа класы", деді. TY1 құрылымы жағынан қолданыстағы РНК дәрісіне ұқсас және табиғи прототип ретінде жұмыс істейді: Trex1 генінің белсенділігін күшейтеді. Бұл ген иммундық жасушаларды жұмылдырады, олар зақымданған ДНҚ-ны қоршап, жасушалық қоқыстарды алып тастайды және ДНҚ-ның қалпына келуіне жол ашады. Инфаркттен кейін бұл процесс өте қиын жүреді. Сырқаттың жүрегіне түскен жасушалы тыртықтар неғұрлым аз болса, науқастың ұзақ өмір сүруіне соғұрлым мүмкіндік бар. Жүрек ДНҚ-ның шамадан тыс қысымынан, дилатациялық кардиомиопатиядан зақымданады және зақымдалған ДНҚ жүрек жетіспеушілігін арттырады. Шын мәнінде, миокард неғұрлым аз бұзылса, инфаркттен кейін толық қалпына келу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. TY1 жасушалық «жөндеу командасын» ынталандырады және ағзаның өзін-өзі жөндеу қабілетін күшейтеді. Десе де бұл дәрі тек жүрек тінін қалпына келтірумен шектелмей, сонымен қатар, аутоиммундық ауруларды (иммундық жасушалардың сау тіндерге шабуылы) тежейді.

0 пікір
Мұрағат