Дүниежүзінде тұмаудың салдарынан жылына 250-500 мың адам көз жұмады
Дүниежүзінде тұмаудың салдарынан жылына 250-500 мың адам көз жұмады
9 жыл бұрын 3713 Baq.kz

2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктік инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

Жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктік инфекциялар ауру жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғатыны белгілі. Тұмаудың мезгілдік індет туғыза отырып, тез тарау үрдісі бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше дүниежүзінде жылына тұмаудың салдарынан әлемде 3-5 млн. ауыр оқиға мен 250-500 мың өлім-жітім тіркеледі. 
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2014 жылы ЖРВИ-дің 765546 оқиғасы және 960 тұмау оқиғасы тіркелген.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу спецификалық және спецификалық емес деп бөлінеді. 
Вакцинациялау - спецификалық профилактика болып табылады. Ол ең сенімді қорғаныс тәсілі және тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сондай-ақ жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдармен тұратын немесе оларға күтім жасайтын адамдарға қажет.
ДДҰ жыл сайын келесі топтағы адамдарға вакцинация жасауды ұсынады: жүктіліктің кез келген кезеңіндегі жүкті әйелдер; 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар; 65 жастағы және одан үлкен қарт адамдар; созылмалы аурулармен ауыратын адамдар; денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.
Спецификалық емес профилактикаға жататындар: қолдың тазалығын сақтаңыз (қолды ағып тұрғын суға сабынмен мұқият жуу) немесе залалсыздандыратын құралдарды, респираторлық (түшкіру мен жөтелу) гигиена ережесін қолданыңыз; ауызыңыз бен мұрныңызды медициналық бетпердемен (маска), бір реттік сүлгімен, қолмен немесе шынтақпен жабыңыз; оны қолданғаннан кейін бірден ауызы жабылатын қоқыс жәшігіне тастаңыз, түшкіріп, жөтелген жағдайда қолға арналған гигиеналық шараларды жасаңыз!

0 пікір
Мұрағат