Малайзияда «халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» тақырыбында семинар басталды
Малайзияда «халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» тақырыбында семинар басталды
9 жыл бұрын 2324 muftyat.kz

Малайзия елінің Путраджая қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдерге арналған «халал стандарт және инфрақұрылым сәйкестігі» бағдарламасы бойынша оқу семинары басталды. Бұл семинарға елімізден ҚМДБ-ның «халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев қатысуда. Жоғарғы деңгейдегі бағдарламаға Мысыр, Гамбия, Йордания, Мали, Сауд Арабия, Судан Турция, Уганда, Өзбекстан, Пәкістан, Қазақстан және т.б. елдер шақырылған болатын.

Алғашқы күнгі оқу семинары стандарттау, сапа, аккредитация және метрология мәселелері төңірегінде өрбіді.

Айта кетерлік тағы бір жайт, Малайзияда жалпы 6 мың стандарт бекітілген, оның 2 мыңға жуығы халал төңірегінде. Сонымен қатар 600-ге жуық лаборатория бар болса, оның 19-ы халал бағыт бойынша жұмыс жасайды.

0 пікір
Мұрағат