Гендік терапия көмегімен тышқанның ғұмыры ұзартылды
Гендік терапия көмегімен тышқанның ғұмыры ұзартылды
1 жыл бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар тышқандардың өмірін ұзарту үшін олардың гендерін қайта бағдарламалады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижеесі сәтті болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған BioRxiv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Rejuvenate Bio биотехнологиялық стартапының зерттеушілері кеміргіштерді жасарту және олардың өмірін ұзарту бойынша тәжірибе жүргізе келе 77-тегі адам жасымен шамалас тышқанның күш-қуатын қалпына келтіруге бағытталған гендік терапияны қолданып көрген. Бұл терапиядан кейін олардың қалған өмір сүру ұзақтығы екі есеге артқан - орта есеппен тағы 18 апта (тышқан ғқмырымен есептегенде 2-3 жылға тең мерзім) өмір сүрді, ал гені өңделмеген, жасы сол шамалас тышқандар тоғыз аптадан кейін өлген. Жалпы алғанда, емделген тышқандар шамамен 7% ұзағырақ өмір сүрді. Аталмыш технология ерте эмбрионалды кезеңде табылған ақуыздарды немесе гендерді пайдалана отырып, жетілген (ескі) жасушаларға әсеріне негізделген. Бұл әсерден өз кезегінде жасушалар жасарады, оларды діңдекті кезеңге қайтаратындықтан аталмыш тәсіл жасушаны қайта бағдарламалау, деп аталады. Десе де ғалымдар бұл зерттеудің адамға қаншалықты қолдануға келетінін әлі айта алмайды. Осыған байланысты бұл бағыттағығы зерттеу жалғасын табады. Ең алдымен кері әсерінің бар-жоғын анықтайды. Өйткені, генді қайта бағдарлау қатерлі ісік секілді емі қиын дертке шалдықтыруы мүмкін.

Әлеуметтік желіден:

Гарвард медициналық университетінің (Harvard Medical School) ғалымдары көзі көруден қалған кәрі тышқанды қайтадан жас қалпына келтірген. Жас қалпына келген соң көру қабілеті қалпына келген, еті, сүйегі түгел жас қалпына келген. Гарвард медициналық университетінің профессоры, генетик, қартаюға қарсы сарапшы, аталған зерттеудің жетекшісі Давид Синклейрдің (David Sinclair) айтуы бойыншақартаю қайтымды процесс екенін, оны өз қалауы бойынша алға және артқа жылжытуға болатынын дәлелдедік”,- дейді.

Қазіргі медициналық тілмен айтқанда, қартаю дегенімізбіздің ДНҚ-дағы гендердің мутацияға ұшырап, жасушалардағы ұлпаларды зақымдауы болып табылады. Соның салдарынан біздің денемізде біртіндеп өзгерістер болады. Бұл құбылыс біртіндеп қартаюға алып келеді. Бұл медицина ғылымының қартаюға берген анықтамасы. Бірақ, бұл теорияны Давид Синклейр төңкеріп тастадық деп отыр. Давид Синклейр өмір бойы қартаю ғылымын зерттеп, өз зерттеу нәтижелері арқылы қартаюға деген өз теориясын ұсынған.

"Біздің денемізде қалпына келтіруге болатын жастығымыздың резервтік көшірмесібар", деп мәлімдеді Синклэр.

 

0 пікір
Мұрағат