Гендік терапия туабітті саңырау балалардың есту қабілетін қалпына келтірді
Гендік терапия туабітті саңырау балалардың есту қабілетін қалпына келтірді
3 ай бұрын 843 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Филаделфиядағы балалар емханасы тұқым қуалайтын саңыраулықты емдеу үшін Америкадағы алғаш рет гендік терапия процедурасын жүзеге асырды. Қытайда да аталмыш технология өз жемісін берген екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Lancet мерзімді басылымына жөн сілтеген The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Клиникалық сынақ нәтижжесі көрсеткендей, сирек кездесетін, тұқым қуалайтын аурудан, дәлірегі, туабітті саңырау бірнеше бала ггендік терапияның көмеегімен есту қабілетіне ие болған. Бұл екі ем түрі де жүйке жасушаларына дыбыс тербелістерін миға интерплетациялайтын электрлік сигналдарды түрлендіруге мүмкіндік беретін құлақтың ішкі қуысындағы ақуыз отоферлин геніне бағытталған. Отоферлин геніндегі мутациялар туа бітетін саңыраулықтың шамамен 1%-8%-ын құрайды. Дегенмен, бұл гендегі мутациялар өте сирек кездеседі және дүние жүзі бойынша шамамен 200 000 адамның бойынан кездеседі. Жаңа гендік терапия отоферлин гендерін тікелей құлақтың ішкі қуысына жеткізу үшін зиянсыз, модификацияланған вирустарды пайдалануды ұйғарады. Бұл әдіс Шанхайдағы Фудан университетіне қарасты емханадағы тәжірибе кезінде оң нәтиже көрсеткен еді.

0 пікір
Мұрағат