Илон Маск алғаш рет адам миына чип енгізді
Илон Маск алғаш рет адам миына чип енгізді
3 ай бұрын 1227 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Illustration/Dado Ruvic/Reuters

Илон Маск компанияларының бірі Neuralink мамандары адам миына алғаш рет чип орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі кәсіпкердің жазбасына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам миына чип орнату отасы қаңтар айының 28-і күні өткен – мұндай тәжірибеге өз еркімен қатысқан адамның хал-жағдайы жақсарып келеді. Neuralink өткен жылдың мамырында адамға сынақ жүргізуге нормативтік, яғни, заңды рұқсат алды. Сонымен бірге, екі ай бұрын Америка құрама штаттарының азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) Neuralink компаниясының бұл бағыттағы өтінішін қабылдамай, кейінге шегеріп келген еді. Әлемге әйгілі SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаған кәсіпкердің адамға сынақ жүргізбес бұрын маймыл миына да чип орнатып, қауіпсіздігін тексеріп көрген еді. Илон Маск қарым-қатынас пен онлайн жиналыс үшін жасалған Clubhouse әлеуметтік қосымшасында Neuralink компаниясының бұл тараптағы тәжірибесін түсіндіре келе чиптеу технологиясы ми мен жұлын жарақатын алған немесе аталған ағзалары зардап шеккен, дәлірегі, сал болып қалған мүмкіндігі шектеулі жандардың өздігінен жүріп-тұру қабілетін қалпына келтіруді мақсат ететінін мәлімдеген еді.

Имплантат Neuralink / © Neuralink

Ұқсас материалдар:

"Ми имплантының негізгі зияны айтылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mi-implantynyn-negizgi-ziyany-aityldy-19658/#gsc.tab=0);

"Ми нейрондарын белсендіретін немесе тежейтін сымсыз құрылғы (имплант) жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mi-neirondaryn-belsendiretin-nemese-tejeitin-symsyz-qurylgy-implant-jasaldy-18155/#gsc.tab=0);

"Жаңа имплант адам ойын оқып, сөздерді мәтінге айналдырады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-implant-adam-oiyn-oqyp-sozderdi-matinge-ainaldyrady-17723/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат