Инженерлер реактивті дронды дыбыстың көмегімен қозғалысқа келтірді (видео)
Инженерлер реактивті дронды дыбыстың көмегімен қозғалысқа келтірді (видео)
7 сағат бұрын 125 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Электр қуатты сымсыз берудің жаңа тәсілі ескі робототехника саласында төңкеріс болды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лозанна федералды политехникалық мектебінің MICROBS микробиоробототехникалық жүйелер зертханасында дыбыс толқындарын тартылыс күшіне айналдыру үшін акустикалық резонаторлар әзірленді. Олармен жабдықталған шағын роботтар мен аса жеңіл ұшу аппараттарына моторлар да, батареялар да қажет емес. Бос шөлмектің ауыз қуысынан үрлесе, дыбыс шығатынын білесіз. Бұл құбылыстың ғылыми түсінігі бар - Гельмгольц резонансы деп аталатын. XIX ғасырда сипатталған физикалық құбылыс жаңа технологияның негізіне айналды. "Құрылғыны дыбыс толқындарымен итерудің орнына біз дыбысты белгілі бір жиіліктерде ұстап, оны бағыттауға келетін тартылыс күшіне және басқарылатын қозғалысқа айналдыратындай етіп реттелген акустикалық резонаторлар құрдық. Біз қарапайым, бірақ, жан-жақты ойластырылған механикалық бөлшекті робототехниканың құнды компонентіне айналдыруға болатынын көрсеттік", - деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен зертхана меңгерушісі Селман Сакар. Осы уақытқа дейін әуедегі пассивті нысандарды дыбыспен ғана қалықтата алатын болса, ал жаңа жұмыстың авторлары акустикалық тербелістерді қозғаушы күшке айналдыруға қол жеткізді. Бұл Гельмгольц резонаторының көмегімен жүзееге асты. Қуыстың мұқият есептелген түрінің арқасында ондағы резонанс тесіктен шығатын ауаның шоғырланған ағынын тудырады, ал кіретін ауа ағыны әлдеқайда шашыраңқы күйінде қалады. Бұл теңгерімсіздік реактивті сияқты тартымды тудырады. Мұндай дыбыс резонаторларын түрлі материалдардан жасауға болады - 3D басуға арналған қарапайым пластиктен резеңке тәрізді полимерлер мен шыныға дейін. Тартылыс күші, әрине, өте әлсіз, сондықтан мұндай жетек жеңіл және шағын заттарға ғана жарамды. Әзірлеушілер өз идеясын шағын қайықпен тексеіп көрді. Онда әр түрлі жиіліктерге арналған үш резонатор орнатылды, соның арқасында онымен тек жүзіп қана қоймай, сонымен қатар, динамиктің дыбыс биіктігін реттеп, маневр жасауға болады. Бұдан басқа, микрофлаерлер - кішкентай дрондар, әрқайсысында бірнеше резонатордан басып шығарылды. Өлшемдеріне байланысты олар 40 кГц ультрадыбыспен жұмыс істейді. Гельмгольцтың резонансы - белгілі бір моделдің табысы ғана емес, робот техникасының әмбебап шешімі. Бір дронда немесе роботта орнатылған резонаторлардың санын көбірек жасауға болады, басып шығару кезінде өлшемі мен пішінін әртүрлі беруге болады. "Бұл құрылғының жекелеген бөліктерін қозғалтуға, иілуге немесе дірілдеуге мәжбүрлеу тетігін іске қосуға мүмкіндік береді. Болашақта осындай дыбыс әсерінен формасын, яғни, пішінін өзгертуге қабілетті аэродинамикалық роботтар жасалуы мүмкін", - деп қортындылады Селман Сакар.

 

0 пікір
Мұрағат