Капиллярдан қанды “көре” алатын антенна жасалды (видео)
Капиллярдан қанды “көре” алатын антенна жасалды (видео)
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар мен инженерлер басқа ұқсас құралдарға қарағанда теңдесі жоқ антенна жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы  Light: Science & Applications (Nature Publishing Group) мерзімдң басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның көмегімен артериялардан бастап капиллярларға дейін қан ағымын бақылауға болады. Бірегей технология хирургиясыз және сәулесіз (мәселен, рентген сәулесі секілді диагностикалық құрал) қауіпті ауруларды ерте анықтауға жол ашады. Ал ерте ауру ерте сатысында анықталса, яғни, асқынып кетпесе, оны емдеу соғұрлым тиімді болады әрі жылдам жазылады. Нижегородтық ғалымдар мен олардың шетелдік әріптестері пьезополимерден жасалған әлемдегі алғашқы сфералық антеннаны әзірледі. Ол қан ағынын нақты уақытта - ірі қан тамырларынан микрокапиллярға дейін - организмге араласуды қажет етпейтін әдіспен бақылауға мүмкіндік берді. Технология диагностикалық жүйелердің жаңа буынының негізін қалауы мүмкін. УДЗ, КТ және МРТ қоса алғанда, тамырларды визуализациялаудың қазіргі заманғы тәсілдері нақты деңгейін бермейді. Олар тіндердің оттегімен қанығуын көрсетпейді, микроскопиялық айналымды тіркемейді және инвазиялық араласуды немесе арнайы жағдайларды таңдауды талап етеді. Әсіресе, ірі және ұсақ тамырларды бір мезгілде байқау қиын - бұл ретте тіндердің физиологиясын бұзып алмаудың маңызы зор. Келешегінен ең кп үміт күттерген бағыттардың бірі - оптоакустикалық томография әдісі. Аталмыш технология тінде қысқа мерзімді қызу мен акустикалық толқындар тудыратын лазерлік импульстерді пайдалануды ұйғарады. Бұл толқындар ультрадыбыстық антенналармен тіркеледі және қан тамырлары жүйесінің бейнесін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Әдіс құрылымдық және функционалдық ақпаратты береді, мысалы, қандағы оттегінің деңгейі туралы. Десе де таяу уақытқа дейін технология антенналардың шектеулі мүмкіндіктеріне сүйенетін болады. Гапонов-Грехов атындағы қолданбалы физика институтының ғалымдары бұл тарапта тосын шешім ұсынды. Олар сезімтал және икемді пьезополимер - поливинилиденфторидтен (PVDF) әлемдегі алғашқы сфералық антеннаны жасады. Конструкция әрқайсысы бір шаршы миллиметрден кем 512 пьезоэлементті қамтиды. Бұл көрсеткіш мұндай датчиктерді орналастыру тығыздығы бойынша әлемдік рекорд. Антенна 100 мегагерц жиілігімен сигналдарды жинайды және 0,3-тен 40 МГц-ке дейінгі диапазонды қамтиды. Бұл әдеттегі құрылғыларға қарағанда бірнеше есе кең. Әрбір элемент үш өлшемді бейнені нақты уақытта алуға мүмкіндік беретін артықшылыққа ие әрі дербес жұмыс істеуге қауқарлы. Бұл технология микропордың ішіне үңілуге мүмкіндік берелі, Ең бастысы, медицина мен қолданбалы биологиялық ғылым салаларын жаңа белеске көтеруге мүмкіндік береді. Адамның тінін зақымдап алмай егжей-тегжейлі зерттеуге көмектеседі. Бұл іргелі зерттеуге тек орыс ғалымдары ғана емес, сонымен бірге, қытай, неміс, испан және швейцариялық ғалымдар да атсалысты.

 

0 пікір
Мұрағат