|
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
|
Ұлыбритания үкiметi некесiз бiрге тұратын кейбiр жұптарға ажырасқаннан кейiн мүлiкке және қаржылық қолдауға қосымша құқық бере алатын реформаны жүргізуге мүмкіндік беретін тетікті қарастыруда. Христиандық ұйымдар мен сарапшылар мұндай өзгеріс отбасы құндылығының маңызын әлсіретіп, ұрпақ тәрбиесіне теріс әсерін тигізетінін ескертеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Christian Today ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парламент қарастырып жатқан бұл тараптағы ереже талаптарына сәйкес кемінде үш жыл бойы бірге тұрған немесе ортақ баласы бар жұптар автоматты түрде белгілі бір қаржылық және мүліктік құқықтарға ие бола алады. Осылайша ресми түрде некеге тұрмағандарға мемлекеттік хал актілерін тіркеу шарты бойынша немесе діни доралғы бойынша некелескендермен жылжымайтын мүлік және балаға қамқоршы болу құқығына ие болмақ. Үкімет реформаны азаматтық некедегілердің арасындағы қарым-қатынас үзілгеннен кейін “ажырасқан” тараптардың әлеуметтік жағынан осал серігіне қаржылай қолдау білдіру мақсатында жүргізеді.. Қазір мұндай міндеттемелер отбасы туралы заңнамаlf5s неке және ажырасу процедураларында қарастырылған. Ұлыбританиядағы The Christian Institute ұйымы жаңа жүйе отбасы құндылығын одан ары төмендетіп жеберетінін алға тартып отыр. Заңды жолмен некелескендерге жүктелетін қаржылық міндеттемелерден қашатындар әдетте азаматтық некені қолай көреді. Ал жауапкершілік қарастырылған жаңа жүйе азаматтық некеден де бас тартатындар қарасын көбейтіп, зинақорлықтың белең алуына ықпал етуі мүмкін. Таяуда жарияланған британдық әлеуметтік әділеттілік орталығының (Centre for Social Justice, CSJ) баяндамасы да дәстүрлі құндылықтарға қауіпті үрдістің кері әсерін паш етті. Ғалымдар 2011 жылы бірге тұратын жұптар үшін белгілі бір заңдық кепілдіктер енгізілген Финляндияның тәжірибесін зерттеген екен. CSJ есебі бойынша фин реформасынан кейін жеті жыл өткен соң әйелдер арасындағы алғашқы неке деңгейі осындай өзгерістерге дейін 23% -ға төмен болып шыққан. Зерттеушілер, сондай-ақ, реформаны бала туу көрсеткішінің төмендеуімен байланыстырып отыр. 2018 жылға қарай болжанған деңгейден шамамен 21% -ға төмен болды. Финляндияда бала туудың жалпы коэффициенті 2010 жылғы бір әйелге шаққанда 1,86 баладан 2020 жылы 1,37 балаға дейін төмендеді. CSJ Англия мен Уэльсте осындай ереже 2011 жылдан бері қолданылса ахуалдың қалай өрбитінін болдауға талпынды. Аталмыш ұйымның есебінше, 2012 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде шамамен 111 мың некеге азаюы мүмкін. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап жыл сайынғы туу саны шамамен 75 мыңға төмендеуі ықтимал.