Киім мен автокөлік түсін өзгерте алатын бояу жасалды (видео)
|

Киген киіміңнің немесе мінген көлігіңнің түсін қалауың мен талғамына қарай өзгертеуге арналған инновациялық бояуды немесе сияны Америка құрама штаттарындағы Массачусет технологиялық институтының (МІТ) ғалымдары әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. PhotoChromeleon деп аталатын ерекше бояу заты арнайы бағдарлама мен ультркүлгін сәуле арқылы түсті өзгерте алады. Бірегей ехнологияны сынау кезінде MIT инженерлері түрлі заттардың бетімен араласатын көк, күлгін және сары фотохромды бояғыштарды қолданды. Әзірлеушілердің айтуынша, сіз балалар ойыншықтарынан бастап автокөлік корпустарына дейін кез-келген бетті осындай ерітіндімен бояй аласыз. Ерітіндіні қолданғаннан кейін объект камераға орналастырылады, онда проектордың көмегімен ультракүлгін сәулемен сәулеленеді және берілген бағдарламаға сәйкес түсін өзгертеді. Бұйым иесі ультракүлгін сәуленің көмегімен бүріккіш ерітіндіні белсендіруге арналған арнайы бағдарламада түрлі түс комбинацияларын жеке дара жасай алады. Белсендіру және өшіру процесі циклді сипатқа ие және оны нысанның үлгісін немесе түсін бірнеше рет өзгерту арқылы қайталауға болады. Көліктің түсін өзгертуге 15 тен 40 минутқа дейін уақыт кетеді. Айрықша технологияны қолдану өз кезегінде экологияға зиянды бояғыштар өндірісін азайтып, зиянды қалдықтардың көлемін азайта алады. Сонымен қатар, тұтынушы кез-келген затына көңіл-күйәне немесе мысалы, жыл мезгіліне байланысты өзгертуге болатын жеке көрініс дарыта алады. Айта кету керек, PhotoChromeleon бояуымен алынған сызбалар өте егжей-тегжейлі және түстердің алуан түріне ие.




