Көмірді алмастыратын экологиялық зиянсынсыз отын түрі пайда болды
Көмірді алмастыратын экологиялық зиянсынсыз отын түрі пайда болды
4 жыл бұрын 9743 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шымтезек пен кебектен көмірге балама бола алатын, яғни, көмірдің орнын басуға жарамды, қоршаған ортаға зияны жоқ отын түрі пайда болды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі орыс тілінде хабар тарататын ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Томбы политехникалық университетінің мамандары биоотын түрінің өзгешелігін түрлендіріп, жетілдірген екен. Ғалымдардың айтуынша, органикалық отында пайдалану өз кезегінде баламалы энергетика бағытының дамуына серпін береді. Бұл төңіректегі ғылыми зерттеу Fuel мерзімді басылымында жарияланған. Бұл жаңа отын түрі тек экологиялық жағынан зиянсыз ғана емес, сонымен қатар, өндірістің органикалық қалдығын тиімді жолмен жоюда экономикалық тұрғыдан да пайдалы. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары осынау биоотынтың өзгешелігін жетілдіру үшін седиментациялық бөлу әдісіне жүгінген. Бұдан бөлек, оның минералды құрамына рентгенографиялық тұрғыдан мұқият зерттеу жүргізген екен.

0 пікір
Мұрағат