|
Мұсылман елі алғаш рет құтырмаға қарсы екпе ойлап тапты
|
Доу медицина ғылымдарының университетінің (DUHS) ғалымдары елде алғашқы адамға арналған құтырмаға қарсы өндіріс үшін биологиялық молекула әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістандық зерттеушілердің бұл жетістігі екпе импортына тәуелділікті төмендетудегі маңызды қадам саналады. Сарапшылардың айтуынша, кеңейтілген иммундау бағдарламасы үшін антиген өндірмейтін бұл отандық жетістік болашақта екпе дағдарысының алдын алуға биомедициналық инновациямен өз-өзін қамтамасыз етуге есік ашады. Парық Мұстафа есімді екпе жөніндегі сарапшы Пәкістанда тұқым банкілері, заманауи нормативтік-құқықтық база және клиникалық сынақтар үшін мүмкіндіктер жетіспейтінін мәлімдеді. Пәкістанда жыл сайын құтырмадан 2000-5000 аралығында адам қаза табады. Негізінен ит қапқаннан жұқтырады. Аталған ел құтырмаға қарсы екпе импортына жылына 26 млрд рупи қаражат жұмсайды екен. 2031 жылға дейін құтырма екпесінің импортына кететін қаражат 100 млрд рупиге дейін өсуі мүмкін. Өйткені, екпе бойынша Пәкістанға қаарасып келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, т.б. халықаралық ұйымдар тарапынан көмек тоқтатылуы ықтимал. Жыл сайын аталған елде құтырмаға қарсы бір миллиондай доза екпе пайдаланылады. Бұл көрсеткіш мемлекет қазынасына әжептәуір салмақ түсіреді. Бұған дейін DUHS (Доу медицина ғылымдарының университетінің) қытай шикізатын пайдалану арқылы өндірілген «Dow Rab» деп аталатын екпе шығарған болатын. Дегенмен, Пәкістан құтыру вирусының оқшауланған штаммын (қоздырғышын) пайдаланып, өзінің тазартылған, инактивацияланған және лиофилизацияланған формуласын жасап, адамға арналған алғашқыекпесін әзірледі. Бірегей жоба Бүкіл әлемдік банк тарапынан қаржыландырылды және Жоғары білім жөніндегі комиссия (HEC) арқылы іске асырылды. DUHS өкілдерінің айтуынша, екпе зертханалық сынақтансәтті өткен және енді Пәкістанның дәрі-дәрмекті реттеу басқармасының (DRAP) мақұлдауы үшін клиникалық сынақтарға көшеді. Құзырлы орыннан тиісті рұқсат алғаннан кейін екпе ұлттық деңгейде пайдаланылуы мүмкін.