|
Неміс ғалымдары көмірқышқыл газынан бензин өндіре бастады
|
Карлсруэ технология институты серіктестері Climeworks, Ineratec және Sunfire фирмаларымен бірге көмірқышқыл газы мен судан экологиялық отын өндіретін ықшам құрылғыны жасап шығарды. Бұл туралы baq.kz порталы thebabel.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырыпхабарлады.
Қазір олардың ойлап тапқан қондырғылары күніне 10 литр отын өндіреді.
Карлсруэ алдағы екі-үш жылда тәулігіне 200-300 литр бензин өндіре алатын үлкен құрылғыны жасап шығармақ. Егер ол сәтті жұмыс істесе күніне 1500-2000 литр отын өндіретін күші бар мобильді қондырғыны жасап шығаруды жоспарлап отыр.
Болашақта біз электр қуатын жаңартылған көздерден өндіретін боламыз. Ең дұрысы, оны сол жерде өндіріп, пайдалау,-дейді профессор Роланд Диттмайер.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды